338
Ішімдік ішкені үшін ұсталған жүргізуші өзіне қол жұмсады
Ішімдік ішкені үшін ұсталған жүргізуші өзіне қол жұмсады
Қарағандыда рөлге мас күйінде отырғаны үшін хаттама толтырылған жүргізуші үйіне келген соң өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров айтып берді. Оның айтуынша, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы еңбек демалысында жүрген кезінде тасжолда әр жолаққа бір шығып, жолдың жиегіне келіп тоқтаған көлікті көреді. «Полицей көлікке жақындап келіп, жүргізушіге ескерту жасайды, ал ол балағат сөзбен жауап қайтарған. Әңгіме кезінде полиция қызметкері жүргізушіден спирттің иісі шығып тұрғанын сезіп қалады, апаттың алдын алу мақсатында көліктің кілтін алып қоймақ болған. Осы кезде жүргізуші қарсылық көрсетіп, полиция офицеріне бірнеше рет жұдырық жұмсаған», - дейді Бақытжан Құдияров.