Астанадағы үлкен көшелердің біріне Иордания королінің есімі берілді

Астанадағы үлкен көшелердің біріне Иордания королінің есімі берілді

Астанадағы үлкен көшелердің біріне Иордания королінің есімі берілді
ашық дереккөзі
263
Астана мен Амман арасындағы әріптестік байланыс нығая түспек. Бүгін бас шаһардың әкімі Әсет Исекешов Амман қаласы муниципалды комитетінің төрағасы Юсуф Аль Шауарибты қабылдады, деп хабарлады 24.kz. Екі тарапты жақындастыратын ортақ тақырып көп. Тұрғындардың жайлы өмірі үшін «Ақылды қала» технологиясын енгізу, инвестиция тарту, саябақтар салу, абаттандыру және көлік кептелісін азайту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Амман қаласы муниципалды комитетінің төрағасы Юсуф Аль Шауариб Елорданың бас жоспарымен танысты. Сондай-ақ кездесу аясында Иордан Хашимит Корольдігінің королі Хусейн Бен Талал атындағы көшенің ашылуына қатысты. Елордадағы үлкен көшелердің біріне Хусейн Бен Талалдың есімін беру – үлкен мәртебе. Бұл бауырлас елдің Иордания жұртына көрсеткен құрметі. Әсет Исекешов ізгі ілтипаттың көрінісі екенін атап өтті. Көше Есілдің сол жағалауында – EXPO қалашығының дәл іргесінде тұр. Даңғыл ұзындығы 3 шақырымнан асады. Жалпықалалық маңызға ие жаңа торап 8 жолақты етіп салынған. Бұл жапсарлас жатқан даңғылдардың көлік жүктемесін азайтуға сеп. Айта кетейік, 2010 жылы Амман қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына көше берілген болатын. Юсуф Аль Шауариб, Амман қаласы муниципалды комитетінің төрағасы: - Астана мен Амманның бір-бірінен үйренері көп. Алдағы уақытта тәжірибе алмасамыз. Жас болса да қарқынды дамып келе жатқан Сіздің шаһарларыңыз қатты ұнады. Қала әкімшілігі үлкен кәсіпорындар орналасатын инвестициялық орталықтарды тартуда жақсы жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтардың көбейгені қуантады.

Серіктес жаңалықтары