Заң жобасы қабылданбас бұрын порталға жарияланып, халық талқысына түсетін болады

Заң жобасы қабылданбас бұрын порталға жарияланып, халық талқысына түсетін болады

Заң жобасы қабылданбас бұрын порталға жарияланып, халық талқысына түсетін болады
ашық дереккөзі
251
Ақпараттың қолжетімділігін шектеген лауазымды тұлғалар бұдан былай жауапкершілікке тартылады.Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Ақпарат және коммуникациялар министрі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Дәурен Абаев ведомствоның  Ұлт жоспары аясында атқарған жұмыстарын жіпке тізіп берді. Ұлт жоспарының бесінші бағытында есеп беретін мемлекет қалыптастыру қарастырылған. Мұндағы 94-қадам елімізге «Ашық үкімет» енгізуді меңзейді. Бүгінде ол үшін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданды. Енді мемлекеттік органдардың бюджеті де арнайы порталда жарияланатын болады. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: - Азаматтар үшін тағы бір тиімді тұсы – заңда ақпаратқа қол жеткізуге шектеу қоюға тыйым салынды. Осы норманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылды. Елбасының Ұлт жоспарында қойылған тапсырмалардың орындалу барысымен бүгін Үкімет үйінде Ақпарат және коммуникациялар министрі таныстырды. Алайда Дәурен Абаев өзгелер секілді баяндамасын соңына дейін оқып отырмады. Жоспарды жұртшылыққа жалпақ тілмен түсіндіруге тырысты. Әуелі «Ашық диалог» туралы әңгімеледі. Бұл – көкейдегі сауалдың жауабын кез келген мемлекеттік орган басшысынан алуға мүмкіндік беретін алаң. 96-қадамның тағы бір түртіп айтар тұсы – «Ашық нормативті-құқықтық актілер». Бұдан былай заң жобасы қабылданар алдында порталға жарияланып, көпшіліктің талқысына түседі. Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: - «Ашық деректер» деген қызметтің тағы бір түрін енгіздік. Мәселен мұнда белгілі бір автобустың бағыты мен кестесі туралы ақпарат жарияланады. Біздің азаматтар бұл мәліметтерді пайдаланып, қоғамдық көлікке қатысты мобильді қосымша жасауына болады. Яғни порталда осы іспеттес мағлұматтар жарық көрді. Ұлт жоспарының соңғы қадамы «Азаматтарға арналған үкімет» құруды көздейді. Яғни мұнда қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет алуды жеңілдету қарастырылған. Бүгінде елімізде көрсетілетін 723 мемлекеттік қызметтің 548-ін жаңадан құрылған корпорация ұсынып отыр. Былтыр олар халыққа 31 млн-нан астам қызмет көрсетсе, биыл бұл көрсеткіш алғашқы жарты жылдықтың өзінде 21 млн-нан асыпты. Оның 14 миллионы электронды түрде көрсетілген. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік жасалды. Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ төрағасы: - Ол үшін халықты өз телефон нөмірлерін жеке сәйкестендіру нөмірімен байланыстырып қоюға шақырамыз. Өйткені сізге хабарлама арқылы құпиясөз келеді. Мәселен жұмыс беруші белгілі бір органнан сіз туралы ақпарат сұрастырса, сізге ескерту хаты жолданады. Яғни рұқсатыңызды сұрайды немесе екінші деңгейлі банктер де осындай мәлімет сұрауы мүмкін. Бүгінде мемлекеттік корпорацияның 70 шақты мобильді бөлімшесі жұмыс істейді. Олар Халыққа қызмет көрсету орталықтары жоқ шалғайдағы ауылдарға да қатынайды.

Серіктес жаңалықтары