Елбасы Конституция күнімен құттықтады

Елбасы Конституция күнімен құттықтады

Елбасы Конституция күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
558
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке - Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады. Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Серіктес жаңалықтары