305
Мәскеулік мұсылмандар Мьянма елшілігі жанында наразылық акциясына жиналды
Мәскеулік мұсылмандар Мьянма елшілігі жанында наразылық акциясына жиналды
Ресей астанасында жүздеген мұсылман Мьянмада этникалық рохинджа тобын қудалауға салуға наразылық білдіріп, қала орталығында рұқсат етілмеген акцияға шыққан. Мәскеудегі Мьянма елшілігі жанына жиналған наразылар "Аллаху акбар!" деп айғайлаған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Ол жерде тұрған полиция өкілдері наразылық акциясына араласпай, сырттай бақылап тұр.
Ресей құрамындағы Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров Мьянмадағы мұсылмандарды қудалауды айыптаған. Шешенстанмен көрші Дағыстанда рохинджаларды қолдау акциясы өткен.
Ресей сыртқы істер министрлігі Мьянмадағы жағдайға Мәскеудің "мұқият назар аударып" отырғаны туралы мәлімдеп, жанжалға қатысушы тараптарды диалог орнатуға шақырған.