249
Поляктар елорда маңайына алып жылыжай салып бермек
Поляктар елорда маңайына алып жылыжай салып бермек
Астананың маңайында алып жылыжай салынбақ. Аталған жобаны Польшаның кәсіпкерлері іске асыруға бел байлап отыр. Оның жалпы құны - 25 млн еуро. Ал ауданы 28 гектарды құрайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
"Негізі, келісім бар. Оған қол қойылған. Биыл біз жұмыстарды бастайын деп отырмыз. Өйткені барлық рәсімдеу шараларынан өту керек. Соның бәрін қазан айына дейін аяқтасақ, тамаша болатын еді. Алып жылыжайда қызанақ, қияр мен аскөк өсіріледі. Сөйтіп, астаналықтар табиғи өніммен қамтамасыз етіледі. Мысалы, 28 гектар ол - 280 шаршы метр. Польшаның тәжірибесі негізінде әрбір шаршы метрден 60 келі қызанақ алатын боламыз", - деді Қазақстан-Польша сауда өнеркәсіп палатасының вице-президенті Тадеуш Намедински журналистерге берген сұxбатында.
Айта кетейік, Қазақстан мен Польша ынтымақтастығы аясында Екібастұз қаласында жаңа оқу орнын ашу жоспарланып отыр.