310
Тоңазытқышта тұншыққан өмір: ата-ана егіз сәбилерін неге өлтірді?
Тоңазытқышта тұншыққан өмір: ата-ана егіз сәбилерін неге өлтірді?
Алматыда шаршаған ата-ана мазаларын алған екі жас сәбиді өлтірген, деп хабарлайды Алматы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Түрксіб ауданы пәтерлерінің бірінде тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Бұған дейін осы пәтерді үш баласы бар әйел адам жалдап тұрыпты.
Кейінірек Алматы полициясы екі баланы өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен, балалардың анасымен бірге тұрыпты. Сонымен бірге, ер адаммен қатар ұсталған балалардың анасы Алла Волченко да тергеліп жатыр.
Полиция мәліметінше, егіздер 2016 жылы 12 шілдеде дүниеге келген.
Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, өлім себебі мен уақытын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Полицейлердің пайымдауынша, сәбилердің денесін жауыз ата-ана үш-төрт күннен кем ұстамаған. Болжам бойынша, өлімнің себебі – механикалық асфиксия.
"Сол күні "Самал" шағын ауданында кішкентай ұл бала табылды. Өзі туралы ештеңе айта алған жоқ. Оқиға орнына қылмыстық және ювеналды полиция қызметкерлері аттанды. Баланы бірден медициналық мекемеге жеткізген. Қазір сонда. Сол күні баланың азаматша Волченконың үлкен ұлы екені анықталды", — дейді ол.
Әйелмен бірге тұратын еркек өзін балалардың әкесімін деп санайды. Екеуінің де тұрақты жалақысы бар, үнемі ішімдік ішеді. Ер адам өзінің кінәлі екенін мойындайды, дегенмен қылмыс анасының үнсіз келісімімен болған.
"Біраз айыққан соң ер мен әйел айтып бергендей, мазаларын алмас үшін балалардан құтылыпты. Ер адамның айтуынша, жұмыстан шаршап, ұйықтағысы келгенде, балалар жылап, жүйкесін жұқартқан екен", — деп түсіндірді Әзірбек.
Балардың анасы және онымен бірге тұратын еркек қамауға алынды. Ұсталғандар тіпті айыққан соң да қылмыс жасағандарына өкінбейтін көрінеді.