256
Қазақстан Әлемдік азаматтық индексінде 85-орынға төмендеп кетті
Қазақстан Әлемдік азаматтық индексінде 85-орынға төмендеп кетті
2016 жылғы Әлемдік азаматтық индексінің қорытындысы бойынша еліміз Ресей, Түркия және Молдова мемлекеттеріне жол беріп, 85-орынды иеленді.
Дереккөз: sputniknews.kz
2015 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (83 орын) Қазақстан екі сатыға төмен түсті.
Халықаралық консалтинг компаниясының рейтингісіне барлығы 159 мемлекет кірді. Бұл индекс түрлі көрсеткіштер бойынша әлемдігі азаматтық құндылықтарға сараптама жасады. Азаматтық алуға ең көп қызығушылық танытқан мемлекет Германия болды. Бұл мемлекет кейінгі бес жылдан бері бірінші орында келе жатыр.
2016 жылы екінші орынды Дания мен Франция бөлісті. Көшбасшылар бестігіне – Исландия, Швеция мен Норвегия енді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Исландия мен Белгия ондыққа кіре алмады.
Азаматтық алуға қатысты қызығушылықтың төмен көрсеткіші Орталық Африка Республикалары мен Ауғанстанға тиесілі.
Әлемдік азаматтық индексі - экономиканың ауқымы, адам әлеуетінің дамуы, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылық тәрізді ішкі факторларды қарастырады. Бұл рейтинг басқа мемлекеттерде визасыз өмір сүріп, жұмыс жасау мүмкіндігін бағалайды.