Балаларын өлтіріп, тоңазытқышқа салып кеткен ерлі-зайыпты 2 айға қамалды

Балаларын өлтіріп, тоңазытқышқа салып кеткен ерлі-зайыпты 2 айға қамалды

Балаларын өлтіріп, тоңазытқышқа салып кеткен ерлі-зайыпты 2 айға қамалды
ашық дереккөзі
208
Алматыда балаларын өлтіріп, тоңазытқышқа салып кеткен ерлі-зайыпты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Түрксіб аудандық соты күдіктілер Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченконы бұлтартпау шарасы ретінде 2 айға, яғни 11 қарашаға дейін қамауға алу туралы қаулы шығарды. Еске сала кетейік, 3 күн бұрын Түрксіб ауданында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан 1 жастан енді асқан балалардың мүрдесі табылған еді.  Кейінірек, балалардың анасы мен әкесі мас күйінде табылды. Іс материалдарына сәйкес, олар тұңғыш ұлдарын қаланың орталығына апарып тастап кеткен. Ал кіші балаларын тұншықтырып өлтіріп, тоңазытқышқа салып кеткен. Тергеушіге берген жауабында Эмиль Гильмутдинов балаларының жылап ұйқысын бұзғаны үшін өлтіргенін айтқан. Ал анасы бұл жағдайдың барлығын білген.  

Серіктес жаңалықтары