АҚШ Солтүстік Кореяға әскери соққы жасау нұсқасын талқылауда

АҚШ Солтүстік Кореяға әскери соққы жасау нұсқасын талқылауда

АҚШ Солтүстік Кореяға әскери соққы жасау нұсқасын талқылауда
ашық дереккөзі
291
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли жексенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тежейтін тетіктері таусылды деп мәлімдеді. Хейлидің сөзіне қарағанда, АҚШ әкімшілігі мәселені шешу үшін Пентагонға өтініш жасауы мүмкін, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Вашингтон басқа да жолдарын қарастырып отыр дейді Хейли. Бірақ әскерге қатысты түрлі нұсқалар талқыланып жатыр. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастер "Fox News Sunday" басылымына берген сұхбатында "әскери нұсқасына" да дайындалу қажет деп мәлімдеген. Солтүстік Корея жақында тағы да баллистикалық зымыранын сынады. Ким Чен Ын Құрама Штаттардың күшіне тең ядролық қуатқа ие болғысы келетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары