Альварес: Канэлоның дәуірі келді!

Альварес: Канэлоның дәуірі келді!

Альварес: Канэлоның дәуірі келді!
ашық дереккөзі
328

Мексикалық боксшы Сауль Альварес биыл ешбір жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz.

«Биыл жыл соңына дейін демаламын. Егер реванш болып жатса, ол келер жылдың мамыр немесе қыркүйек айлары болады.
Оның нақты қашан өтетінін айта алмаймын, бір ғана нақты білетінім - Канэлоның дәуірі келді», - деп атап өтті Альварес Геннадий Головкинмен айқасынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуі - Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек 12 раундқа созылып, ешкім күтпеген нәтижемен аяқталған еді. Төрешілер екі боксшының қайсысы басым болғанын анық көрсетпей, тең түсті деген баға берді. Осылайша, 37 жекпе-жегін тек жеңіспен аяқтап келген Головкин спорттағы мансабында алғаш рет теңдей жұдырықтасты. Ал осы уақытқа дейін 49 кездесу өткізіп үлгерген "Канело" осымен екінші рет қарсыласымен тең түсті деген нәтиже көрсетті.

Серіктес жаңалықтары