Кәсіпкерлерді қорғайтын «Қамқор»

Кәсіпкерлерді қорғайтын «Қамқор»

Кәсіпкерлерді  қорғайтын «Қамқор»
ашық дереккөзі
226
Кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың негізгі қайнар көзі болғандықтан,  елімізде бизнеске заңсыз араласуды тоқтату, кәсіпкерлікке әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Жеке кәсібін дөңгелетіп отырған іскер азаматтардың құқығын қорғаудың бір жолы – «Қамқор» мобильдік қосымшасы. Кәсіпкерлікке кедергі келтіретін негізсіз тексерістердің жолын кесуді көздейтін «Қамқор» қосымшасын «Googleplay» және «AppStopre»  жүйелерінің көмегімен жүктеуге болады.  Бұл мобильді қосымша арқылы кәсіпкерлер тексеруші органнан хабарлама алып отырады. Онда тексеруге бара жатқан  комиссия комиссия мүшелерінің аты-жөні мен  қызметі туралы толық мағлұмат беріледі. Сонымен қатар, тексерістің қанша уақытқа созылатыны да көрсетіледі.  Егер  мобильді қосымшадағы ақпараттармен мемлекеттік қызметкердің мәліметтері сәйкес келмеген жағдайда тексеріс заңсыз болып есептеледі. Бұндай жағдайда әрбір азамат  прокуратураға шағымдана алады. Қолданысқа енгізілгеніне ұзақ уақыт бола қоймаса да, «Қамқор» элек-трон­ды қосымшасы кәсіпкерлердің игілігіне айналып үлгерді. Мәселен, құрылғы көмегімен Жамбыл облысының кәсіпкерлері прокуратураға 4 шағым түсірген. Тексеру барысында олардың екеуі заңға қайшы екені анықталды. Бүгінде бұл қосымшаның қызметін мыңнан астам жамбылдық кәсіпкер қолданып жүр. «Жеке кәсіпкерлерге бұл өте ыңғайлы. Ішінде тексеру күнін, тексеру аумағын, тексерушілердің тізімін білуге болады. Жеке кәсіпкер ретінде маған қатысты заңсыз тексерулер жүргізілген жоқ. Негізсіз тексерулер жүргізілген жағдайда құқық қорғау органдарына шағымдана аламын», – дейді жергілікті кәсіпкер. «Хабарламалар келіп түскен сәтте мобильдік топ сол жерге, сол сәтте шығады. Қаланың ішінде болса да, шалғай аудандарда болса да, тексеру жүргізіліп жатқан нысанға дереу барамыз. Сол жерде мән-жайды тексеріп, тексерістің заңсыздығы расталатын болған жағдайда прокурорлық ықпал ету актілері қолданылады», – дейді ҚР Бас прокуратурасы арнайы есепке алу басқармасы бөлімінің аға прокуроры Лейла Мәдиева.    

Серіктес жаңалықтары