Алматыда жол ақысы көтеріле ме?

Алматыда жол ақысы көтеріле ме?

Алматыда жол ақысы көтеріле ме?
ашық дереккөзі
318
Алматыда қоғамдық көлік компаниялары жолақысын « Оңай» картасымен 100 теңгеге, ал қолма қол төлеммен 200 теңгеге көтеруді сұрайды,  – деп хабарлайды Астана арнасы. Арнаның хабарлауынша, шаһардағы қазіргі 80 теңге жолаушы тасымалымен айналысушылардың шығынын жаппайтын көрінеді. Компания өкілдері жол жүру құны осы күйінде қала берсе, жаңа автобустар алмақ тұрмақ, көліктерді жөндеу мен оның өзге де қажеттіліктерін алудың өзі қиын болатындығын айтады. Жолаушы тасымалдаушылар автопарктердің шығыны 39 миллиард теңге, ал кірісі небәрі 21 миллиард теңге деп отыр. Жолаушы тасымалы қауымдастығының атынан Алматы қаласы әкімдігіне жолақысын көтеру не болмаса субсидиялау туралы хат жолданған. Оған қала ішінде қызмет көрсетіп жүрген 18 компания қол қойыпты. «Жыл сайын дизель отыны 10-15 пайызға, газ 10-15 пайызға, электр энергиясы да осы көлемде өсіп келеді. Қосалқы бөлшектер  үш есе көтерілді. Автобустардың құны екі девальвациядан соң екі есеге артты. Осыған сәйкес біз үш жылдан бері тарифті көтеру немесе демеу қаржы бөлу туралы сұрап келеміз. Бірақ әкімдік қараусыз қалдырып отыр», – дейді «Green bus company» ЖШС Алматы филиалының директоры Бауыржан Құлышев. «Біз белшеден қарызға баттық. Мынадай қымбатшылықта біз жағармай сатып алудың өзі мұң болуы мүмкін. Жанар-жағармайсыз парктер болса да тұрып қалады. Оған жеткізбеу үшін біз әкімдікке хатпен шықтық. Субсидиялау және жолақысын көтеру мәселесін тездетіп шешпесе болмайды. Мәселен, 1 ақпаннан Қостанайда 100 теңге болады, бізде де 100-ден кем болмауы керек. Ал дифференциалды тариф бізде 200 теңге болуы тиіс», – дейді Алматы қалалық «Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТҰ президенті Сәбит Аманбаев. Бағаны көтеру туралы ұсыныс хатты алған әкімдік өкілдері жолаушы тасымалдайтын компаниялардың мәселесін шешу жолдарын қарастыратындарын хабарлады.  

Серіктес жаңалықтары