КӨЛIКТIҢ КӨПТIГI КЕСIРIН ТИГIЗДI

КӨЛIКТIҢ КӨПТIГI КЕСIРIН ТИГIЗДI

КӨЛIКТIҢ КӨПТIГI КЕСIРIН ТИГIЗДI
ашық дереккөзі
262

Бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша 400 мыңнан астам көлiк тiркелген. Осы көлiктердiң басым бөлiгi қалалық тасымалдау мен заңды салық төлеуге келгенде бұлтара беретiн көрiнедi. Көшедегi ығы-жығы қозғалысқа себепкер көлiктердiң мәселесiн бiржола шешу үшiн мамандар Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кiшi мәжiлiсханасына жиналды.

Облыс бойынша қолданыста 13400-ден астам автобустар бар. Ал солардың 6400-ге жуығы жолаушылар тасымалдайтын көлiк әкiмшiлiктерiнiң көлiк құрылымдарымен жасалған келiсiм-шарт бойынша қызмет етедi. Оңтүстiк Қазақстандағы көлiкке қатысты келеңсiз мәселелердiң бiр шетi осы жолаушы тасымалдайтын автобустарға келiп тiреледi. Бұған дейiн белгiлi бiр бағыт бойынша тендердi жеңiп алған фирма салық төлеу органдарына жалған мәлiмет берiп келген. Мәселен, бес шағын автобус жолаушы тасымалдайды деп көрсетедi де, iс жүзiнде бұл мәлiметтiң бұрыстығы көптеп тiркелiп отыр. Көлiк саласындағы осындай келеңсiздiктермен облыстық көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы Әдiлет Берменқұлов бөлiстi.

Сондай-ақ, автобус тек белгiленген бағыт бойынша ғана тасымалдауды жүзеге асырады. Бiрақ, базбiр көлiк қожайындары ретке қойылған бағыттан ауытқып, өзiнiң таңдауы бойынша жергiлiктi елдiмекендерге қатынай беретiн болған.

Көлiктiк заң бұзушылықтарға қатысты ОҚО бойынша Салық комитетi төрағасының орынбасары Әбдiрахман Жүнiсәлиев мынадай қитұрқылықтың бетiн ашып бердi. Шымкент қаласындағы көптеген базарлардың маңынан шағын автотұрақтар мен автостанциялар заңсыз ашылып, кәсiпкерлер пайда көзiне айналдырып алған. Сонымен қатар, қала тұрғындарының өтiнiшiне құлақ салар болсақ, жолаушы тасымалдау бағыттарының бiрiнде көлiк көп болса, бiрiнде мүлде сирек екен.

Мәжiлiс соңында көлiктiк бақылаушылар, салық басқармасы және әкiмшiлiк түйткiлдi бiрлесе шешу жолдарын қарастырды.

А.ЖАНАЕВА

Серіктес жаңалықтары