АЛТАЙДА АЙТЫС ӨТТI...

АЛТАЙДА АЙТЫС ӨТТI...

АЛТАЙДА АЙТЫС ӨТТI...
ашық дереккөзі
338

31-тамыз күнi Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында "Өр Алтай – Асқар Алтай" атты айтыс өттi. Жыр додасы Молодежный ауылындағы мәдениет үйiнде өттi. Оған жергiлiктi ақындар — Нұрболат Абзалханов, Мәжитбан Маркс, ақын әрi термешi Серiк Нұрсалтанов, күйшi Мырзабек Төкен мен дәстүрлi әншi Арайлым Аплатонова қатысты. Бұл шараны "Аспект-М" әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеулер орталығы мен Ұлан аудандық мәдениет басқармасы бiрлесе отырып ұйымдастырды. Айтыс мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауындағы негiзгi қағидаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Белгiлi ақын Иран-Ғайып авторлық семинар өткiзiп, жолдаудың негiзгi қағидаларын жиналған көпшiлiкке көркем сөзбен, ақынның тiлiмен жеткiздi.

Ал 27-тамыз күнi Үлбi ауданында облыс тұрғындары арасында "Жыршылардың дастандары мен қиссалары" атты дәстүрлi қазақ халық өнерi туындыларының байқауы өттi. Байқау Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының, жергiлiктi өнер және зиялы қауым өкiлдерiнiң, "Аспект-М" әлеуметтiк-гуманитарлық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен өттi. "Достық үйiнде" өткен байқауға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан, Жарма, Тарбағатай, Зайсан аудандарынан, Өскемен және Семей қалаларынан көпке белгiлi өнерпаздар қатысты. Дастандар мен қиссалар байқауынан кейiн де биылғы жолдаудағы негiзгi қағидалар турасында сөз болды.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары