ЖАСТАР «ҚАРА ЖОРҒАҒА» БИЛЕДI

ЖАСТАР «ҚАРА ЖОРҒАҒА» БИЛЕДI

ЖАСТАР «ҚАРА ЖОРҒАҒА» БИЛЕДI
ашық дереккөзі
244

Бұған дейiн газетiмiзде Қытайдағы екi миллиондай қазақтың «Кеңес» күйiн күмбiрлетiп, жұртты тамсандырған «Қара жорға» биiн бiр мезетте он үш мың адам билегенiн және әйгiлi Гиннес кiтабына енгiзгенi туралы сүйiншi сұрап едiк. Содан берi, күллi қазақ жұрты той-томалақ пен мерекенiң сәнiне айналған ұлттық биi «Қара жорғаны» жаппай нақышына келтiре билеп жүр.

Ал жақында Астанада бiлiм алатын 3 мыңға жуық студент «Қара жорға» биiн бiр сәтте билеп, көпшiлiктi тәнтi еттi. Қайта жаңғырып, ортамызға оралған қазақ биi «Қара жорғаның» құдiреттiлiгi сонша, акцияға жиналғандар «Қазақ тiлiнде сөйлеймiз, «Қара жорғаны» билеймiз» деп ұрандатып жатты. Iс-шараны ұйымдастырған Қазақ гуманитарлық заң университетi басшыларының айтуынша, мұндағы көзделген мақсат – қазақ халқының ұлттық биi арқылы өзге ұлт өкiлдерiне ана тiлiмiздi насихаттау. Сол сияқты буын биiне жататын «Қара жорғаның» денсаулыққа өте пайдалы екенiн дәлелдеп жүргендер баршылық. Осыны ескерген ұйымдастырушылар аталмыш бидi түнгi клубтарда да орындауға ниет бiлдiрiп отыр. Егер қазақ жастарын ұлтшылдыққа, патриоттық рухқа тәрбиелеймiз десек, қазақы бидiң қарыштап дамуына үлкен серпiн бергенiмiз абзал.

Тарихи деректерге жүгiнсек, «Қара жорға» әу баста «Бақсы биi» деп аталыпты. Яғни, бағзы замандағы бақсылардың жын шақыратын күйi де, биi де осы болған. Ал, оны қазiргi заманда жаһандық деңгейде жаңғыртқан Қытайдағы қандастар екенiн айта кету керек.

Жәнiбек ӘШIМ

Серіктес жаңалықтары