АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРI – ҮНТАСПАДА

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРI – ҮНТАСПАДА

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРI – ҮНТАСПАДА
ашық дереккөзі
226

Жақында Алматыда "Азаттық" радиосы екi түрлi өнiмдерiнiң тұсаукесерiн жасады. Бiрiншiсi – данышпан, хакiм Абайдың қара сөздерiн үн таспаға жинақтап шығаруы, екiншiсi – "Азаттық" радиосының сайтындағы "Блогстан" айдарымен жарық көрiп келген белсендi авторлардың өзектi тақырыптағы мақалалар жинағы.

"Азаттық" радиосының директоры Едiге Мағауиннiң айтуына қарағанда, "Азаттық" радиосында жетi жыл бойы бауырлмалдық пен адамгершiлiк, сыйластық, ұлттық тәрбие жайлы хабарлар үздiксiз Абайдың данышпандық ойларымен түйiнделiп келген екен. Оқырманды Абай iлiмдерiне, Абай тағылымына баулу мақсатында осы даналық ойлары үн таспаға жинақталып, тұсауы кесiлiп отыр. Үн таспадағы мәтiндi оқыған – ҚР еңбек сiңiрген әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева.

– Әр жылы тамыздың 10-ы күнi Абайдың туған күнiнен бастап, күн сайын бiр қарасөзден берiп отырған едiк. Бiртiндеп, сол Абай сөздерiнiң даналығы бiздiң бағдарламаларымыздың баюына көмектестi. Себебi Абай мәңгi өлмес мәселелердi таба бiлген, сондықтан оның сонау бiр кездерi айтқан дана ойлары бүгiнгi қазақ қоғамына да жат емес, – дейдi Едiге Мағауин..

"Блогстан" жинағы екi тiлдегi мақалалар жинағынан тұрады. Қазiр "азаматтық журналистика" деп үкiленген блогтық журналистика дамып келедi. Оның басты ерекшелiгi – блоггердiң бәрi журналист емес, бiрақ, журналист те блоггер бола алады. Сондықтан, бұл топқа өзiнiң азаматтық көзқарасын ешкiмнен қаймықпай айта алатын, ойы еркiн, сөзi батыл адамдар кiредi. "Блогстан" жинағына енген мақалалар топтамасы да осының айғағы.

Сонымен бiрге, аталған шараға қатысқан Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитiне қатысушы «Еркiн Еуропа/Азаттық» радиосының президентi Джеффри Гедмин, радионың байланыс бөлiмiнiң директоры Дайан Зелени де жиынға қатысушылармен өз ойларын бөлiстi.

Джеффри Гедмин Астанада болған сапарында Қазақстанның Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмовтiң арнайы қабылдауында болып, елдегi сөз бостандығы, журналистiк құқық т.б. да мәселелер төңiрегiнде ой бөлiскен екен. Сондай-ақ "Азат Еуропа/Азаттық" радиосының басшылығы "Азаттық" радиосының Қазақстанда FM жиiлiгiне шығарып, қазақ тыңдаушыларын көбiрек тартуды мақсат етедi.

– Қазақ премьерiмен бұл жайындағы келiссөзiмiз ендi басталды. Оның қалай аяқталатынын айту қиын. Дегенмен, "Азаттық" радиосының интернет парақшасы өте жақсы оқылады. Демек, радионы тыңдауға ықыласты көрермендер де көп болуы тиiс, – дейдi Джеффри Гедмин.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары