ҮЛГI-ӨНЕГЕ БОЛАРЛЫҚ IС

ҮЛГI-ӨНЕГЕ БОЛАРЛЫҚ IС

ҮЛГI-ӨНЕГЕ БОЛАРЛЫҚ IС
ашық дереккөзі
168

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi сот билiгi және қылмыстық iс жүргiзу кафедрасының меңгерушiсi, заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов "Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет" атты оқулығының 2000-нан аса данасын республика жоғары оқу орындарының кiтапханаларына, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Қазақ гуманитарлық заң университетi, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi, Қарағанды "Болашақ" университетi, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi, Семей университетi, Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы Академиясы және т.б. жоғарғы оқу орындарына тегiн таратты.

Бұған дейiн профессор Е. Алауханов Республиканың аталған жоғары оқу орындарының кiтапханаларына "Қылмыстық құқық" және "Криминология" оқулықтарын үш мыңнан аса данасын сыйға тартқан болатын. Авторға творчествалық табыс тiлей отырып, аталған оқу орындарының басшылары алғыс хат жолдады.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары