ТЕГIН ДӘРIГЕРЛIК ТЕКСЕРУДЕН ӨТIҢIЗ

ТЕГIН ДӘРIГЕРЛIК ТЕКСЕРУДЕН ӨТIҢIЗ

ТЕГIН ДӘРIГЕРЛIК ТЕКСЕРУДЕН ӨТIҢIЗ
ашық дереккөзі
619

Еркек безiнiң қатерлi iсiгi егде жастағы ерлер арасында едәуiр жиi кездеседi, сондықтан егде жастағы ерлердiң пайызы жоғары дамыған елдерде бұл үлкен мәселе болып табылады. Мәселен дамыған елдерде еркек безiнiң қатерлi iсiгi ерлердiң арасында iсiк жағдайларының 15 пайызын құрайтын көрiнедi.

Әдетте 50-ден асқан ер адамдар арасында жиi кездесетiн еркек безi қатерлi iсiгiнiң дамуына әкелетiн факторлар әзiрше жеткiлiктi түрде зерттелiнбеген. Негiзi дерттiң себебi, iшкi және сыртқы факторлардың ықпалымен қартаюшы еркектiң ағзасындағы гормон тепе-теңдiгiнiң бұзылуы болып табылады. Iшкi факторларға тұқымқуалаушы генетикалық факторлар жатады. Егер бiрiншi ұрпақтағы туысқанның бiреуi аталған қатерлi iсiкпен ауырған болса, осы кеселге шалдығу қаупi екi есе артады, ал егер аталған аурумен екi немесе одан да көп туысқан адамдар ауырған болса, онда осы ауруға шалдығу қаупi 5-11 есе арта түседi. Қазiргi таңда қауiп төндiретiн 3 фактор ғана нақты анықталған, олар – жас, тұқымқуалаушылық және ұлттық тиiстiлiгi.

Соңғы жылдары еркек безi қатерлi iсiгiне шалдығу көрсеткiштерiнiң Қазақстанның iрi қалаларында да артып отырғандығы байқалуда. Аталған аурудың ҚР бойынша өсiмi 2009 жылы 6,9%-ды құрады. Салыстыру үшiн келесi деректердi келтiрейiк: 2009 жылы жиектi iшек iсiгiнiң өсiм қарқыны – 4,4%, ал терi қатерлi iсiгi 4%-ды құраған.

2011 жылдың 1 қазанында Алматы қалалық онкология диспансерiнiң емханасында сағат 9:00-ден 16:00-ге дейiнгi аралықта арнайы простата антигенi, ультрадыбысты зерттеу, саусақ арқылы ректалды зерттеу әдiстерi секiлдi түрлi диагностикалық тәсiлдердi қолдану арқылы репродуктивтi жүйенiң ауытқушылығын ерте анықтау мақсатында 50-ден асқан ерлерге арналған ашық есiк күнi өткiзiледi.

29.09.2011

Серіктес жаңалықтары