ТҮРКІ ӘЛЕМІН ҚАЙТА ТҮЛЕТКЕН

ТҮРКІ ӘЛЕМІН ҚАЙТА ТҮЛЕТКЕН

ТҮРКІ ӘЛЕМІН ҚАЙТА ТҮЛЕТКЕН
ашық дереккөзі
245

Лев Гумилев – 100 жыл

Белгілі ғалым, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, аудармашы Лев Гумилевтің туғанына 100 толып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұлы ғалымның аты берілген Еуразия ұлттық университеті 10-11 қазан аралығында «Л.Н.Гумилев мұралары және қазіргі Еуразиялық ынтымақтастық» деген тақырыпта ІХ халықаралық форум өткізбек. Оған алыс-жақын әлемнің 15 елінен белгілі ғалымдар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатыспақшы Осыған орай топтама кітаптар сериясы жарыққа шықты. Көтерген мәселесі мен тақырыбы сан алуан: әсіресе «Гумилев әлемі» айдарымен жарық көрген «Лев Гумилев» энциклопедиясы, «Нұрсұлтан Назарбаев және Еуразияшылдық» , «Л.Н.Гумилев және Түркі әлемінің қайта түлеуі», «Еуразиялық Лев», «Л.Н.Гумилевтің ғылыми мұралары», «Еуразияшылдықтың бастауы», «Л.Н.Гумилев шәкірттері», «Еура­зияшылдық идея: Ежелгі Қытай және Түркі әлемі» сынды кітаптарда еуразияшылдық және түркі әлемі жайлы белгілі ғалымдарымыздың ғылыми-зерттеу еңбектері мен сараптамалық-талдау шығармалары жан-жақты берілген.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары