АСТАНАДА ОН ҰСТАЗҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

АСТАНАДА ОН ҰСТАЗҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

АСТАНАДА ОН ҰСТАЗҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ
ашық дереккөзі
191

Жуырда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұстаздар күні мерекесіне орай, қаладағы ең үздік деп танылған он ұстазға пәтер кілтін тапсырды. Қала әкімінің қолынан пәтер кілтін алған ұстаздарымыз да дән риза болды. Өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында №32 және №58 мектептерінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздары Қ.Абдраханова және С.Айтмағанбетова, №56 мектеп-лицейінің және №18 орта мектебінің физика пәнінің ұстаздары М.Ашымрова мен Г.Ысқақова, №53 мектеп – лицейі мен №23 орта мектебінің математика пәні мұғалімдері Г. Меңдібай мен Б.Нұркеева, №38 мектеп-лицейінің технология пәнінің ұстазы Р.Әлімсаева, №51 мектеп гимназиясының гео­графия пәнінің мұғалімі А. Зермұхамедова, №7 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Д. Рәмбердиева, №27 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі С. Файзуллина жайлы пәтерге қол жеткізді.

Сонымен бірге, мереке қарсаңында «Жылдың үздік мектебі» де белгілі болды. Бұл атаққа №50 мектеп-лицейі ие болды, мектеп кубок пен 13 млн. теңгені құрайтын грантты жеңіп алды. Аталмыш оқу орнының 10 үздік ұстазының еңбекақысы 50%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар, оқу жылының нәтижесі бойынша 5 мың АҚШ долларын құрайтын грантпен №8 «Думан» балабақшасы мен Көлік және коммуникация колледжі, «Арман» спорттық-сауықтыру лагері және кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімдер үйі марапатталып отыр.

Г.БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары