ҚОШ, МІНІС АҒА!

ҚОШ, МІНІС АҒА!

ҚОШ, МІНІС АҒА!
ашық дереккөзі
210

Қазақтың тарих ғылымы тағы да орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Белгілі тарихшы Мініс Әбілтайұлы 85 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүниеден өтті. Ол 1928 жылы Моңғолия жерінде дүние есігін ашты.

Ол – 1992 жылы Моңғо­лиядан атажұртына оралып, Түркістандағы Қожа-Ахмет Иассауи университетінде тарих пәнінен дәріс оқыды әрі осы университеттің профессоры атанды. Мініс Әбілтайұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Моңғолия қазақтары арасынан докторлық диссертация қорғаған алғашқы ғалым. МХРП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар институтында ғылыми қызметкерден бастап институт директорына дейінгі жауапты қызметтер атқарды. 1954 жылы жарық көрген алғашқы «Моңғол-қазақ» сөздігінің авторларының бірі. М.Әуезовтің «Абай жолы» романын моңғол тіліне аудару жұмысына белсене араласқан.

Ә.Мініс МХРП тарихын жазған жетекші авторлардың бірі. Осы тақырыптар төңірегінде 15 монография, 200-ге жуық ғылыми мақаласы жарық көрді. Атажұртқа оралғаннан соңғы уақытта автордың 6 монография, 20-дан астам ғылыми мақала, баяндамалары жарық көрді.

Ә.Мініс Моңғолия мұраға­тындағы Тұрар Рысқұловқа қатысты төл деректерді әкеліп ғылыми айналымға енгізді. Ол өте қабілетті, ойы ұтымды, көпке қадірлі, досқа адал азамат еді.

Марқұмның мағыналы өмірі мен жазған ғылыми еңбектері біздің жадымызда ұзақ сақталатын болады.

М.Қойгелдиев, Н.Мұхамед­ханұлы, Қ.Зардыхан, Ж.Уатқан, А.Қабылаш, Т.Аятхан, Б.Дәлел, Н.Төлеубай, С.Съез, Б.Досан, Қ.Мәшүр, У.Ботагөз, М.Боқан, М.Тиянақ, Б.Бақытбек, Б.Нәпіл, Қ.Бабақұмар, Қ.Досымбек.

Серіктес жаңалықтары