ТЕРМИНОЛОГИЯ СӨЗДІГІ ТҮЗІЛУДЕ

ТЕРМИНОЛОГИЯ СӨЗДІГІ ТҮЗІЛУДЕ

ТЕРМИНОЛОГИЯ СӨЗДІГІ ТҮЗІЛУДЕ
ашық дереккөзі
320

Нұрахмет ҚУАТ

Мемлекеттің бастамасымен қолға алынған 30 томдық терминология сөздігі Қазақ қоғамындағы тіл проблемасына қатысты бірқатар түйткілді шешуге сеп болмақ.

Қоғамдық пікірді қалыптастыруда, азаматтық қоғамды құруда, кез келген адами құндылықтарға сүйене отырып, әрекет етуде тілдің маңызы зор. Сол үшін де мемлекеттік бюджеттен тілдерді дамытуға қыруар қаражат бөлініп, түрлі шаралар ұйымдастырылады. Осы орайда, еліміздегі тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы Жарлығымен, 2011 жылғы 29 маусымда қабылданған. Құжаттың мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты. Мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру; мемлекеттік тілге сұранысты арттыру; қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; тiл мәдениетiн жетiлдiру; коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйренуді өзек еткен бағдарлама Қазақ қоғамында кеңінен насихаттауды талап етеді.

Сонымен, аталған құжаттың алға қойған мақсатына сүйенсек, Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар негізгі көрсеткішке қол жеткізілуі тиіс: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай –100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай — 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15 %-ға дейiн) ұлғайту. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған.

«Осы орайда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі терминология саласы бойынша 30 томдық терминология сөздігін шығару жұмысын қолға алды. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» мәселені талқылау барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, соңғы рет мұндай басылым 1999-2000 жылдары жарыққа шыққан. «Содан бері қазақ терминологиясының базасы біршама кеңейді. Қазіргі уақытта 100-ден астам ғалым жаңа терминологиялық басылым шығару бағытында жұмыс жасауда. Осы жылы сөздіктің алғашқы 10 томын әзірлеу жұмысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы қалған 21 томын шығарамыз», – дейді А.Қырықбаев.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, аталған өнімді әзірлеу салалық ғалымдар мен филолог мамандардың бірлескен жұмысының жемісі болмақ. «Басылымның әрбір томы Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы тарапынан бекітіледі. Бұл өз кезегінде сөздікке нормативтік актінің статусын және жалпыға міндетті сипатын білдіреді», – деді вице-министр. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің Мемлекеттік ономастикалық комиссиясы шығарған шешімдердің толық жинағы жарық көреді. Терминология, ономастика және антропонимика саласындағы жұмысты жақсарту арқылы қазақ тілінің лексикалық қорын одан әрі жетілдіру мен жүйеге келтіру жөніндегі шараларды іске асыру көзделеді.

«Осығын орай, ономастика саласында атау беру жұмыстарының ашықтығын қамтамсыз етуге бағытталған заң жобасымен жұмыс жалғасуда. Бесжылдық мораторий кезінде қордаланған сұрақтарды ескерсек, осы заң жобасының шығуын еліміздің барлық өңірі асыға күтіп отырғаны баршамызға түсінікті. Жалпы, жыл соңына дейін тәуелсіздік алған жылдардан бері Мемлекеттік ономастикалық комиссия шығарған шешімдердің толық жинағы жарыққа шығатын болады», – деді Арман Қырықбаев.

Серіктес жаңалықтары