ҰЛЫ ҚҰРМЕТ – ҰСТАЗҒА

ҰЛЫ ҚҰРМЕТ – ҰСТАЗҒА

ҰЛЫ ҚҰРМЕТ  – ҰСТАЗҒА
ашық дереккөзі
197

Мәртебелі мамандық иелеріне арналған кеш биыл Сыр елінде ерекше салтанатпен аталып өтті. Онда облыс әкімі Болатбек Қуандықов құттықтау сөз сөйлеп, өте білімді де тәжірибелі ұстаздарға бағалы сый-сияпат жасады.

– Елбасы айтқандай, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал ұрпақ тағдыры ұстаздардың қолында. Ұстаздық оңай шаруа емес. Ол – ізденісті, талмай еңбектенуді, үлкен қажыр-қайратты талап ететін мамандық. Ендеше, Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, шәкірттеріңіз тек білімнің биік шыңдарынан көрінсін. Елбасының тапсырмасына сәйкес білім саласына үлкен қамқорлық жасалып отыр. Оның ішінде біздің облысымызда да көптеген оңды істер атқарылды. Білім беру мекемелерінің саны артумен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруге де зор көңіл бөлінуде. Ұстаздар мәртебесін арттыру, олардың әлеуметтік ахуалын жақсарту бағытында да түрлі жұмыстар жасалуда. Ұрпақтың баянды болашағы жолында мұндай еңбек жалғасын таба беретін болады, – деді Болатбек Баянұлы.

Облыс басшысы мұнан әрі мереке иелеріне түрлі марапаттаулар тапсырды. Биыл 11 ұстаз «Құрмет» грамотасына ие болса, үздік үш мұғалім – 1 млн. теңгеден сыйақы алды. Сондай-ақ, сегіз мұғалім екі жүз мың, сегізі жүз елу және сегізіне жүз мың теңге көлемінде сияпат жасалды. Мұнымен қатар, ұстаздар біліктілігін көтеруге биылдан бастап шетелге жолдама беру қолға алынып отыр. Осы жолы 18 мұғалім Түркия елінде тәжірибелерін шыңдайтын болады.

Ұлы мамандық иелеріне деген құрмет мұнымен шектелген жоқ. Өскемен қаласында өткен химия-биология пәні мұғалімдерінің съезінде аталған пән оқытушыларының арасында олимпиада өткізу бекітілген болатын. Аталған білім сайысы бірінші болып біздің облысымызда ұйымдастырылды. Салтанатты кеште облыс әкімі осы олимпиаданың үздіктерін марапаттады. Мұнда бас жүлдеге қойылған екі бірдей темір тұлпардың кілті №9 мектептің биология пәнінің мұғалімі Виктория Рябова мен №6 мектептің химия пәнінің мұғалімі Людмила Федосенкоға табысталды. Сондай-ақ, бірінші орынға 500 мың, екінші орындарға 300 мың, үшінші орындарға 200 мың теңгеден сыйақы берілді.

Айта кету керек, бұл марапаттар ұстаз­дар­дың шынайы еңбектеріне жасалып отырған баға. Олимпиадада мұғалімдердің білімін сараптау үшін Н.Назарбаев зияткерлік мектебінен арнайы мамандар шақыртылып, нәтижесі шығарылып отыр.

Қуат ШАРАБИДИНОВ

Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары