МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР САЙЫСЫ

МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР САЙЫСЫ

МҮМКІНШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР САЙЫСЫ
ашық дереккөзі
247

қоғам көзқарасын өзгертуге оң ықпал етпек

Мүгедек балаларға қайырымдылық жасаған «Қазақмыс» өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттады.

«Қазақмыс» тобы ой-өріс мүмкін­ші­лік­тері шектеулі балалар арасында флорбол бойынша турнир өткізуге 2,6 млн теңге бөлді. Флорбол дегеніміз – тегіс еденде доппен және арнайы қалақпен ойналатын командалық сайыс. Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне арналған Республикалық турнир Қарағанды қаласында 12–14 қазан күндері «Локомотив» спорт кешенінің базасында өткізілді. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан келетін 200-ден астам жасөспірім қатысады. «Қазақмыс» ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс өткізудегі басты мақсаттардың бірі – мүмкіншіліктері шектеулі жас­тар­дың спортпен белсенді айналысуына түрткі болу, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау. Сондай-ақ жарысты ұйымдастырушылар аталмыш шара мүмкіншіліктері шектеулі жандарға қоғамның көзқарасын өзгертуге оң ықпалын тигізеді деп үміттенеді. Жарыс аясында турнирге қатысушылар үшін түрлі мәдени-сауық бағдарламалары жоспарланған.

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқармасының Төрағасы Эдуард Огай: «Қазақмыс әрдайым спорттың, оның ішінде, әсіресе, балалар спортының дамуына қолдау көрсетіп келеді. Бұл турнир спорттың кез-келген жанға қолжетімді екендігін, ал мүмкіншіліктері шектеулі балалар өздерінің құрбыларымен тең дәрежеде екендігін тағы бір дәлелдеп отыр. Аталмыш жарыс жас спортшылардың флорболмен кәсіпқой деңгейде айналсуына түрткі болады деген үміттеміз. Осы маңызды да парасатты іске қатысып отырғанымызға қуаныштымыз, әрі мұнымызды мақтан етеміз», – деп мәлімдеді.

«Қазақмыс» еліміздегі мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі қоры бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады. Ол әлем бойынша ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие. Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2011 жылы Топтың ағымдағы қызметінің кірісі 3,6 млрд. долларды, ал операциялық кірісі 1,2 млрд. долларды құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, яғни басым көпшілігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стра­те­гиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2011 жылы Қазақмыс 140 мың тонна мырыш концентратын өндіріп шығарды. Топ әлемде ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады. (2011 жылы 13 млн. унция күміс өндірді). Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электростанциялардың бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электростанциясының 50%-дық үлесіне ие. Электростанцияда модернизациялау бағдарламасы қолға алынған және қазіргі уақытта өндірістік қуатын 3 000 МВт жеткізуге мүмкіндік беретін кезекті энергоблок іске қосылайын деп жатыр. Жаңалау бағдарламасы аяқталған соң, ЭГРЭС-1 4 000 МВт. болатын өзінің жобалық қуатына жетеді. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары мен қосалқы көмір кеніштері бар.

Серіктес жаңалықтары