ІЛІМ ИГІЛІГІ

ІЛІМ ИГІЛІГІ

ІЛІМ ИГІЛІГІ
ашық дереккөзі
289

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ислам мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан ғұлама ғалым Һисамиддин Сығнақидің 880 жылдығы аталып өтті. Рухани мазмұнға бай игілікті шара ұйымдастырушылардың жоғары белсенділігін көрсетті.

«Һисамиддин ілімі – Ислам игілігі» атты ғылыми-танымдық конферен­цияда акаде­мик Сұлтан Сартаев, еліміздің Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі ғұлама ғалым туралы құнды естеліктер айтты.

«Білімі терең, еңсе­сі биік азаматтары бар елдің болашағы зор болмақ. Біздің мемлекетіміздің Президентіміз бағдар­ла­ған биік­тер­ден көрінуге мүмкіншілігі же­теді. Ол үшін қай-қайсымыз да тал­май еңбектеніп, ынтымақты өмір сүруіміз қажет», – деді Бас мүфти өз сөзінде. Бірқатар белгілі ғалымдар ойшыл, ғұлама турасында баяндама жасады.

Һисамиддин Сығнақидің 880 жыл­дығын тойлау барысында көптеген мәдени шара­лар ұйымдастырылды. Танымал ақындар айтыс көрігін қыздырып, жыр жүйріктеріне қомақты сыйлықтар тарту етілді. Шараның екінші күнінде «Сунақ ата» кесенесінде баба рухына арналып ас берілді. Жиналған жұртшылық ұйымдастырушы аудан әкімшілігі мен баба ұрпақтарына, қаржылай демеушілік көрсеткен Несібелі Бектасқызы секілді кәсіпкерлерге ризашылықтарын білдірді.

Қуат ШАРАБИДИНОВ

Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары