ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ – ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ – ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ – ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА
ашық дереккөзі
281

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Елімізде жыл басынан бері экономикалық өсім бірнеше есеге артқан. Шығысы аз, кірісі мол бюджеттің пайыздық көрсеткіштеріне қуанған Үкімет салық саласында да бірнеше өзгерту енгізді.

ҚР Үкіметінің жетекшісі Серік Ахметовтің мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың алғашқы 9 айында жалпы ішкі өнімнің деңгейі 5,2 пайызға өсті. Аталған мерзім ішінде еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалуын қорытындылған отырысты жағымды жаңалықпен бастаған Премьер негізгі салаларды қамтитын және жалпы ішкі өнімнің 68 пайызына тең қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызды құрағанын жеткізді. Сонымен қатар тоғыз айдағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 12,1 трлн. теңгеге артып, былтырғы көрсеткіштерден 0,5 пайызға жоғары болған. Ал ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығару көлемі 1,3 трлн. теңге деңгейінде. «Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2012 жылдың 9 айында 3,5 трлн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті», – деп мәлімдеген С.Ахметов еліміздегі инфляция деңгейін айқындайтын тұтынушылық бағалар индексі өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда биылғы қыркүйекте 103,9 пайызға жеткенін көлденең тартты: «Елдің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерінің қалыптасқан серпіні жыл аяғына дейін сақталады деуге негіз бар. Бүгін біз ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік экономикалық даму мен бюджеттің орындалуын қорытындылап отырмыз. Аталған кезең аралығында сыртқы келеңсіз факторлардың әсеріне қарамастан, әлеуметтік-экономикалық дамудың оң үрдісі сақталып отыр».

Отырыста үкімет басшысы орталық мем­лекеттік органдар басшыларына­ Елбасы тапсырмаларының орындалуын­ ерек­­ше бақылауға алуды тапсырды.

Әсіресе елдегі индустрияландыру, өңірлерді әлеуметтік жаңғырту және дамыту міндеттерін шешу бағытында берген тапсырмаларын орындау қажеттігіне ерекше тоқталған С.Ахметов: «Өздеріңіз білетіндей, Үкіметте 30 тармақтан тұратын іс-шаралардың сәйкес жоспары әзірленді әрі 26 тапсырманың орындалу мерзімі осы жылдың төртінші тоқсанына, ал қалғандары келесі жылдың басына белгіленген. Сондықтан да мен орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, министрлерге Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын ерекше бақылауға алуды тапсырамын», – деді.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақ­с­тан­ның алтын-валюта қоры 85,5 млрд. АҚШ долларына жетіп, жыл басынан 12,5 млрд. долларға артқан.

«Әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан жыл басынан бері ел экономикасында оң өсім сақталды», – деп мәлімдеген ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Ерблоат Досаев республикадағы әлеуметтік салада да жағымды көрсеткіштер орын алғанын, алғашқы 9 айдың ішінде халықтың шынайы табысы 9,1, ал шынайы жалақылары 11,1 пайызға артқанын жеткізді: «Ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 4,5 млн. шаршы метр баспана салынды.

Жыл басынан бері негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 3,3 пайызға өсті. Бұл ретте инвестиция құрылымындағы кәсіпкерлердің меншікті қаражаттары 54 пайыздан асып, 281,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылған». Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылы 13,5 пайызға өскен. Экономика салалары айтарлықтай баяулағанымен, үстіміздегі жылдың 8 айында сыртқы сауда айналымы 13,5 пайызға артыпты. Сондай-ақ, тауар экспорты – 9,3 пайызға, импорт 24,1 пайызға көтерілген. Сауда балансындағы оң сальдо 34,2 млрд. АҚШ долларын құрады».

ҚР Мәжілісіндегі отырыста министр Ерболат Досаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын ұсынды. Бұл құжат салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қарау және Қазақстан Республикасындағы халықаралық салық салу жүйесін Кеден одағының кедендік заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру мақсатында заңнамалық деңгейде жетілдіру мақсатында дайындалыпты.

Министрдің айтуынша, аталған заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жекелеген тапсырмаларын, бұрын қабылданған заңнамалық актілерді, Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің шешімдерін іске асыру қажеттілігіне байланысты.

Азаматтардың жекелеген санаттарына­ әлеуметтік қолдау көрсету және экономи­ка­ның жекелеген салаларын дамытуды ынталандыру мақсатында заң жобасында: мүгедек баланың қорғаншысының, қамқоршысының табысын салық салудан босату көзделеді; Президент пен Үкімет бекіткен арнаулы және атаулы мемлекеттік стипендияларды салық салудан босату көзделеді; түсті және қара металл қалдықтары мен сынықтарын өткізу айналымдарын ҚҚС-тан босату; алкогольдік өнім мен этиль спиртінің өндірісінде қолданылатын шарап материалдарына акциз ставкасын 20-дан 0 теңге/литрге дейін төмендету; «Павлодар», «Сарыарқа», «Шығыс қорған – Қорғас» еркін экономикалық аймақтар аумақтарында жеңілдік салық салу тәртібін; жолдардың барлық санаттары бойынша республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының бөлінген жолағында сыртқы жарнама орналастыру төлем-ақы ставкаларын 3 есеге төмендету; керосин үшін қоршаған ортаға эмиссия төлемінің ставкасы (авиация отыны ретінде) сұйытылған газ төлемі ставкасының деңгейінде көзделеді; мүліктерді қаржылық лизингке беру операцияларын ҚҚС-тан босатуды 2017 жылға дейін ұзарту көзделеді.

Салық салу мәселелері жөніндегі кон­­сультациялық кеңестің 2011 жылғы 28­­ қарашадағы хаттамасын орындау мақ­са­тында ауыл шаруашылығы өнім­де­рін­ қайта өңдеуді жүзеге асырған са-л­ық­ төлеушілерге Салық кодексінің

267-бабының ережелерін қолдану бойынша, оның ішінде өткен салық кезеңдері бой­ынша таңдау құқығы беріледі. Осындай құқықты беру тауарлар экспортын жүзеге асыратын (жүзеге асырған) көрсетілген салық төлеушілерге нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қалыптасқан қосымша құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар салықтық әкімші­лен­діруді жетілдіру бойынша нормалар көзделген. Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес өнімділікті және компаниялар жұмысының тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактураларды енгізу көзделіп отыр. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын іске асыру мақсатында камералдық бақылау нәтижелері бойынша (салықтық тарату тексеруін жүргізбей) қорытынды негізінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарын таратудың жеңілдетілген тәртібі белгіленеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында заң жобасында дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарын бухгалтерлік есеп жүргізуден босату және олардың салық есебін жүргізу тәртібін белгілеу қарастырылған. Заң жобасында арнайы салық режимдерін қолдану тәртібін қысқарту мақсатында арнайы салық режимдерінің рұқсат беру сипатынан хабарлама сипатына көшу және электрондық патенттерді жүргізу қарастырылған. Жалпы, заң жобасын қабылдау салық нормаларын қолдану кезінде туындаған проблемаларды жоюға, бизнес-ахуалды өзгертуге және еліміздің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары