АЛМАТЫДАН ХОШИМИНГЕ РЕЙС АШЫЛМАҚ

АЛМАТЫДАН ХОШИМИНГЕ РЕЙС АШЫЛМАҚ

АЛМАТЫДАН ХОШИМИНГЕ РЕЙС АШЫЛМАҚ
ашық дереккөзі
221

Келесі жылдан бастап Алматыдан Вьетнам оңтүстігіндегі ірі қала Хошиминге тікелей рейс ашылмақ. 2013 жылдың 2 қаңтарынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясының Boeing 757 әуе лайнері апта сайын, әр сәрсенбі мен әрбір жұма күндері Хошиминге жолаушылар тасымалдайтын болады.

Ұшақтар Хошиминге Бангкок арқылы қатынап, кері оралғанда Алматыға кідіріссіз ұшып келмек. Алматыдан Хошиминге­ рейстің ұзақтығы 9 сағат, Хошиминнен Ал­матыға 7 сағатқа жетеді.

«Хошиминге жаңа рейсті ашу арқылы «Эйр Астана» Оңтүстік Шығыс Азияға маршруттық желіні кеңейтуді жалғастырмақ. Енді қазақстандықтардың қардай аппақ жағажайлары, ғажайып аралдары мен әсем табиғаты бар, көне храмдарымен, асқан тағамдарымен және төмен бағаларымен аты шыққан Вьетнам Республикасында демалыс күндерін өткізулеріне жол ашылды. Ұшу кестелері жолаушылардың Вьетнам астанасы Ханойды, Нха Транг туристік қазынаны және басқа да қалаларды тамашалауына мүмкіндік беру үшін ыңғайлы жасалған. Біз бұл рейс Ресей, Орталық Азия және Кавказдан транзиттік жолаушы тас­қынының өсуіне себепкер болатынына сенімдіміз. Біздің ойымызша, туристерге көптеген сауықты және визаны алудың оңай рәсімін ұсынатын Вьетнам біздің жолаушыларымыз арасында «Эйр Астананың» алдыңғы рейстері тәрізді танымал бағыт болады», – дейді «Эйр Астана» АҚ маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ибрагим Жанлыел.

Барлық алымдарды және басқа да салықтарды қосқанда, Алматыдан Хошиминге барып-қайту әуебилеттің эконом-класс санатындағы ең төменгі бағасы 88 098 теңгені, ал бизнес-класс санатында 348 097 теңгені құрайды. Билеттерді брондау және ақпарат орталығына (Call Centre) +7 (727) 244 44 77 телефоны арқылы, www.airastana.com сайтында, Қазақстанда «Эйр Астананың» авиабилеттерді сату кеңселерінде сатып алуға болады.

Дайындаған

Д.БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары