Жемқорлардың көшін кімдер бастап тұр?

Жемқорлардың көшін кімдер бастап тұр?

Жемқорлардың көшін кімдер бастап тұр?
ашық дереккөзі
270
Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев еліміздегі жемқорлыққа белшесінен батқан – полиция мен кеден саласының қызметкерлері екенін мәлімдеді. Жыл басынан бері құқық қорғау мекемелерінің 400-ден астам жемқорлық қылмысқа  қатысы бар екендігі анықталған. Ведомства басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 10 айында құқық қорғау қызметкерлерінің үстінен 431 қылмыстық іс қозғалыпты. Оның ішінде әсіресе, полиция мен кеден саласының мамандары көш бастап тұр. Әрине, бұл жаңалық емес. Кеден саласы мен полиция қызметкерлерінің қара халықты сорлатып, ақшасын қалталарына басып жатқаны әу бастан белгілі. Алайда, Бас прокуратура мамандарының аталмыш екі саладағы жемқорлықты азайтуға күш салу керектігін әңгіме еткенінің өзі қызық. Ал, оны қалай, қандай жолмен төмендетуге болатынын ешкім ешқашан ашып айтпайды. Әйтпесе, басынан бұлт кетпейтін Қорғас кедені басшылары мен қызметкерлері жемқорлықпен қолын былғамас еді ғой. Бірақ, неге екені белігісіз, кеденге барған адам көп ұзамай нағыз «жемқор» атанады. Алғашында қасықтап, кейін асап жейді. Бір тойымсыз халық. Өкініштісі, көбіне жегендері желкесінен шығып жатады. Обалы кімге? Айтпақшы, бүгін Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні екен. Тым болмаса жемқорлар осы күні жемей тұрса екен…

Динара Дүрмән 

Серіктес жаңалықтары