1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні
ашық дереккөзі
204

Бүгін, яғни желтоқсанның 1-і “Тұңғыш Президент күні”. Бұл күнді Қазақ Елі былтырдан бастап атап өтуде. Оның өзіндік мәні де бар. Ежелгі қазақта “Жердегі патша – Көктегі Алланың көлеңкесі” деген де тәмсіл бар. Демократиялық қоғамда бұл тәмсілдің ойға қонбауы да мүмкін. Алайда Қазақ Елінің дамуы, бүгінгідей әлемдік аренаға көтерілуі, ел болып қалыптасуы – тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Ол Қазақ елін өтпелі кезеңнен алып шықты. Кеңестік биліктің құлауы, Қазақ елінің осы бір тарихи кезеңде қандай жолды, қандай бағытты таңдау қажеттігі де үлкен сын еді. Өйткені Қазақ Елінен өзгелері бірінен кейін бірі  тәуелсіздігін жариялап, Одақты тастап кетіп жатты. 1991 жылы дәл осы желтоқсанның 8-інде кезде Белоруссияның Белобежье орманында үш мемлекеттің көш басшылары – Ресей Федерациясы атынан Б.Ельцин, Беларусь респуб­ликасынан Шушкевич, Украина ССР-ынан Кравчук қатысқан басқосуда КСРО-ны құлату туралы алғашқы құжат қабылданды. Осы тарихи құжаттың арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Бүгінде Ресей
саясатшылары бұл күнді «қаралы күн» деп атап, Ельцинді саяси сатқын ретінде
бағалауда. Алайда КСРО құрамындағы мемлекеттер үшін, әсіресе, Қазақ Елі үшін
бұл күннің маңызы өте зор. Осы 22 жылдың ішінде Қазақ Елі талай қиындықпен
бетпе бет келді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өте қиын және ауыр жағдайда
өтті. Өтпелі кезеңнің өрелі тағылымы қалды бүгінде. Қазақстан бүкіл әлемге
танылған, дамыған елу елдің қатарынан ойып орын алған, қуатты елге айналды.

Бүгінгі Тұңғыш
Президент күні құтты болсын! Еліміз өркендеп, өсе берсін! Тәуелсіздігіміз
баянды болсын!

Есен Байнұр

Серіктес жаңалықтары