Халыққа Бердоңғаров емес, Әбенов керек еді

Халыққа Бердоңғаров емес, Әбенов керек еді

Халыққа Бердоңғаров емес, Әбенов керек еді
ашық дереккөзі
206

Кезінде Парламентті шулатқан Тәңірберген Бердоңғаров «Нұр Отан» партиясы
атынан қайтадан депутат болып тағайындалды. Ол бұған дейін Денешынықтыру және
спорт жөніндегі агенттік төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.

Бердоңғаров депутат болған тұста
не бітірді? Оның Парламентте қазіргі
Ресейдің, ілгеріде кеңес өкіметінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтап дүйімге
сөз арнағанда, әріптестері біраз ашуланған-тұғын.
Айдың-күннің аманында егемендігімізге селкеу түсірмек
ниеттегі сөз қандай мақсатта айтылды? Сол кез экс-депутат Бекболат Тілеухан:
«Мен қазір осы жерде отырып айтсам, құрметті әріптестер, «ертең 24 ақпан
День флага Мексики» десем ақылға сыя ма, я болмаса «17 февраль өтіп кетіпті,
содан соң кездесіп отырғанымыз осы. «
Праздник фонаря Иан Сяоу в Китае» десем ақылға сыя ма? Сыймайды.
Қазақстан Республикасының ешбір күнтізбесінің қызыл күнінде ақпанның 23
і дейтін мереке жоқ және ол үшін неге қол соғып жатқандарыңызды да
түсінбеймін. Тәңірберген, мен сені сүйем, жақсы көрем, інімсің, бірақ сен
тәуелсіз Қа­зақстанның тұсында қалыптасқан адам ретінде мұндай нәрсеге бажайлап
қарауың керек. Өйткені, сен – Парламенттің депутатысың. Көшеде бір-бірін
Валентин күнімен құттықтап жатқан адам емессің. Сіздер саясаткерлерсіз­дер,
Қазақстан Республикасының атынан сөйлейсіздер. Ендеше ауыздарыңыздағы сөзді
бағуларыңыз керек
», –  деп қадап айтқан еді.

Ол ол ма, Бердоңғаров бұрынғы ұстазын өзінің бетіне түкіргені үшін сотқа беріп, іс қозғағаны тағы
бар. Бұрынғы ұстазы өзіне депутаттың қоқан-лоққы көрсеткенін айтса, депутат
«жала жапты» деп күлкіге қалған. Сөйтіп, Рафаэль Балғинның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 319-бап 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс
қозғалған. Балғинге «депутаттың ары мен абыройына қол сұқты және қызметіне
кедергі жасады» деген айып тағылған болатын.

Ал, ана тілінде сөйлеуден
қашқақтайтын Бердоңғаров неге мемлекеттік тілді құрметтемейді? Ол осыдан талай
жыл бұрын уәде берсе де, туған тілінде тіл қатысқанын көрген емеспіз. Бір
пікірінде: «Мен өз тілімді білуге міндетті екендігімді түсінемін.
Бірақ мен қазақ тілін үйренуге құштарлық танытпай отырған жоқпын ғой. Қайта
қазір барлық ынта-жігерім­ді тіл үйренуге жұмсаудамын. Қолым қалт ет­кенде,
арнайы құлаққа жапсы­ры­латын аппарат арқылы қазақ тілінің курсын тыңдап
жүремін. Ана ті­лімді білмегенім үшін мені ұял­май­ды деп ойлайсыз ба? Қатты ұя­ла­мын.
Әсіресе, шетелге шыққанда қазақ тіліне қатысты сұрақ қойылғанда, кірерге тесік
таппай қалатын кездер болады. Ақсақалдар қазақша жөн сұра­ған­да да не дерімді
білмеймін. Өзге ұлт өкілдері өзара ана тілінде сөй­лескенде де бетімнен отым
шығады…» деп көлгірсігені бар. Шын мәнінде, егер ұяты болса, қазақ тілін
«Тілашар» бағдарламасында жүрген кезінде неге үйренбеді екен?

Парламентке
қайта келген Бердоңғаровтан халық не күтеді? Ол қарапайым бұқара үшін не
тындыруы мүмкін? Одан да Бердоңғаровтың орнына Мұрат Әбенов келсе, мемлекетке
де, жұртқа да тигізер пайдасы көп болатын еді. Бірақ, Парламентке «ұйықтап» отыратын
депутаттар керек сияқты ма, қалай?!

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары