Мәскеуде тағы бір қазақстандық қаза тапты

Мәскеуде тағы бір қазақстандық қаза тапты

Мәскеуде тағы бір қазақстандық қаза тапты
ашық дереккөзі
446

Мәскеу көзі қысықтарға күн
көрсетер емес. Осыдан біраз жыл бұрын Ресей мемлекеттік мұнай-газ уинверситетінің 1 курс студенті, астаналық Ерлан Айтымов қаскүнемдердің қолынан қаза тапса, 23 қараша күні тағы бір қазақстандық
азаматша Бирджаханум Нажапова қатыгездікпен өлтірілді.

Арам ойын жүзеге асырған
басбұзарлар 32 жастағы келіншекті зорлаған соң, қаланың шетіндегі баққа тастап
кеткен. Жәй ғана емес, денесін бөлшектеп өзенге тастаған. Кейбір болжамдарға
сенсек, бұл қанды оқиға ресейлік биліктің қолшоқпарына айналған ұлтшыл топтың
қолымен жасалған көрінеді.

Әзірге жерлесіміздің тек аты-жөні
анықталғанмен, Қазақстанның қай өңірінде туылғандығы туралы ақпарат жоқ. Бір
анығы Бирджаханум Нажапова тамыз айында Ресейге келіп осында тіркеуге тұрған. Қазір
Сыртқы Істер министрлігі марқұмның туған-туыстарын шұғыл іздестіруде. Өйткені
мәйітті елге әкеліп жерлеу мәселесі туындап отыр.  

ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов: «Мәскеудің тиісті
тергеу органы қылмыстық іс қозғады. Қазір
қылмыс жасаған тұлғаны анықтау үшін жедел іздеу және тергеу жұмыстары
жүргізілуде. Мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауына алынды» деп мәлімдеді.

Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары