«ӨЖЕТКЕ» БАРҒАНДАР ЖАЛҒА АЛУ ҚҰНЫН ТӨЛЕМЕЙ МЕ?

«ӨЖЕТКЕ» БАРҒАНДАР ЖАЛҒА АЛУ ҚҰНЫН ТӨЛЕМЕЙ МЕ?

«ӨЖЕТКЕ» БАРҒАНДАР ЖАЛҒА АЛУ ҚҰНЫН ТӨЛЕМЕЙ МЕ?
ашық дереккөзі
253

Алматыдағы
«барахолканың» күні бітіп барады. Үш айдың ішінде үш өрт тіркелді. Оның
біріншісін – техникалық ахаулардан туындады десе, екіншісі қолдан қасақана
жасалғаны анықталды. Ал, күні кеше «Алатау» базарынан шыққан өртті де бәзбіреулер
әдейі жасауы мүмкін.

Мұның астарында «барахолкадағы» базарларды «Өжет» ауылындағы сауда орнына
көшіру жатқан жоқ па? Алматыда жаңа «Өжет» сауда орнына көшіп барған «Құлагер»
базарының саудагерлері мен жаңа сауда орнының басшылығы арасында кездесу
ұйымдастырылды. Жаңа сауда орнының талаптары мен жағдайын көрген саудагерлер
көңілдері толмайтынын  жеткізді. Олардың айтуларынша, базар
күл-қоқысқа толы, ал сауда жасауға арналған контейнерлер іріп-шіріген. Сондай-ақ
тұратын орынның құны да қымбат. Мұнда сауда жасауға келгендерге жаңа орынды
жалға берушілер алты ай мерзімге алдын-ала төлеуді талап еткен. Мұнымен қатар,
жалға алу құнының нақты бағасы да әлі бекітілмеген. Сол себепті баға күніне мың
құбылады. Өз кезегінде «Өжет» базарының директоры Владимир Красюков
контейнерлерді жалға беру ісіне алыпсатарлар мен алаяқтардың араласып кеткенін,
алдағы уақытта бұл мәселе нақты шешіліп, жалға алу құнының нақты бағасы
белгіленетінін тілге тиек етті. «Және де сіздердің алдарыңызда айтарым,
бірде-бір саудагер 2014 жылдың 1 наурызына дейін жалға алу құнын төлемейтін
болады. Сіздерге берер уәдем осы. Бұл сіздердің аяқтан тұрып кетулеріңізге
септеседі. Ал контейнерлерді жалға бергендердің ісін заң жүзінде қарастырамыз. Әрбір саудагер контейнерді бір айға жалдау үшін 300
доллар көлемінде ақша төлеуі қажет. Бұл бағаны олар тек наурыздың бірінен
бастап қана базар әкімшілігіне беретін болады. Қазіргі уақытта 1200 саудагер
жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Жалпы көлемі 17 гектар жерді алып жатқан
аумаққа 5000 контейнер орналасатын болады. Ал тілсіз
жау тұтанған жағдайда мұнда жеке өрт сөндіру көлігі дайын тұр.Біздің аумақта
жеке өрт сөндірушілер мен машиналар бар. Олар тәулік бойы кезекшілікте тұратын
болады. Мен ашығын айтсам, бұл жерде қауіпсіздік ережелері толықтай сақталған.
Базар толықтай салынып бітпеген. Көптеген жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Десе
де жақын арада сауда орны толықтай керек-жарақпен жабдықталып, колданысқа
берілмек», – деді базар басшысы Красюков. Өз сөзінде
ол базарда барлық санитарлық талаптар сақталғанын, бұдан сырт өрттің алдын-алу
мақсатында базар басшылығы арнайы өрт сөндіретін көлік сатып алғанын айтып
өтті. Келесі жылдан бастап мұндай павильондар орнатылатын болады. Директордың
айтуынша,
жаңа орындар саудагерлерге оларды жұмысссыз қалдырмау мақсатында берілген.
Қазіргі күні базарда 1200 орын тапқан. Алдағы уақытта қосымша тағы 1500 орын
бөлінбек. Бұл ретте шараға арнайы қатысқан ақпарат құралдары базардың ішкі
тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды.

Динара
Мыңжасарқызы 

Серіктес жаңалықтары