ҚАЗАҚСТАНДА АШТЫҚҚА ҚАШАН САЯСИ БАҒА БЕРІЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАНДА АШТЫҚҚА ҚАШАН САЯСИ БАҒА БЕРІЛЕДІ?

ҚАЗАҚСТАНДА АШТЫҚҚА ҚАШАН САЯСИ БАҒА БЕРІЛЕДІ?
ашық дереккөзі
173

23 қараша Украинада
ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Осы шара барысында
Украина президенті Виктор Янукович 1932-33 жылдарғы ақ жұт, ашаршылықта
халқының басым бөлігінен айырылып қалған Ресей, Қазақстан және Белоруссия
халқына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатындығын айтты. Бұл туралы Украина
президентінің баспасөз-қызметі
мәлімдеген.

«Біз осы жылдары
зардап шеккен Белоруссия, Қазақстан және Ресей халқына, бұрынғы КСРО-ның барлық
халқына көңіл айтамыз. Біз бүгін барлық саяси пікірталастарды жиып қойып, бірге
болуымыз қажет. Бұл қайғылы күн қайтыс болған отандастарымыздың рухы  бізді жақындастыра түсетін болады», – деген Янукович 1932-1933 жылдары
Украинада ашаршылық құрбандарын еске алу кезіндегі қаралы шара кезінде.

Өкінішке қарай, аштық жылдарында халқының тең
жартысынан айрылған Қазақ елінде бұл күнде опат болған құрбандарды
арнайы еске алу датасы жоқ. Жалпы, аштыққа саяси баға беріп, бұл Коммунистік
Ресейдің қолынан жасалған геноцид екенін мойындау туралы әңгіменің көтерілгеніне
жиырмадан астам жыл болса да, біздің билік былқ етер емес. 

Биыл қолдан жасалған
аштыққа, адам айтса нанғысыз және адам төзгісіз қайғыға – 80 жыл толады екен.
Қазақстанда аштыққа баға беруге талпынушылық жекелеген ғалымдар немесе қоғамдық
ұйымдар тарапынан болғанымен, Үкіметтің оны бағалауға асықпауы ешкімді
ойландырмай қойған емес. Мысалы, халқының үштен бірінен осы аштық жылдарында
айрылдық дейтін Украинада арнайы әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, украин
халқының аштыққа қатысты пікірін білген. Украинадағы ең үлкен әлеуметтік
зерттеу орталықтарының бірі «Рейтинг» жүргізген бұл зерттеудің қорытындысы
бойынша, Украина халқының үштен бірі бұл қайғылы оқиғаны Советтік билік
тарапынан жасалған геноцид деп бағалаған. Украиналықтар украин тарихшыларының 1932–1933 жылдардағы
миллиондаған украиндықтардың  қолдан
жасалған аштық салдарынан ажал құшқанын зерттеген ғылыми еңбектерді Ресей
Федерациясы Әділет министрлігінің тиым салынған «экстремистік басылымдар»
қатарына енгізгенін жазады. Қазір әлемнің 23 елі украин халқының Советтік билік
тарапынан геноцидке ұшырағанын мойындаған. Олар Шығыс Еуропа елдері және АҚШ,
Канада, Австралия, Бразилия, Аргентина, Италия, Испания секілді мемлекеттер.

Советтік дәуірде
аштық жайында алғашқы мәліметтер тек 1987  жылы пайда бола бастаған. Бірақ ол кездерде «аштық»
терминін пайдалануға тыйым салынған. Деректер тек «астық жетіспеушілік» деген
сөз тіркесінің астарында қолданылған.

Кеңестік дәуірдің
тікелей мұрагері ретінде Ресей коммунистік режимнің террорлық әрекетінің бәрін
өз мойнына алуы тиіс еді. Алайда Путин билеген авторитарлық Ресейде Сталиннің
саяси тұлғасын ақтап алу мәселесі күн тәртібіне шықты. Сол себептен де тарихи
шындықты бүркемелеп, қызыл террорлардың қолдан жасаған қырғынын жоққа шығарғысы
келеді. Ал кеңестік тарихқа басқаша тұрғыдан үңілуді қалайтын посткеңестік
елдердің тарихи оқулықтарына шүйліккен ресейліктер кеңестік дәуірдегі тарихты  бірге жазуды немесе Ресейдің көзқарасы
тұрғысынан жазуды үгіттейді. Ресейдің ең жақын одақтасы болып табылатын Қазақстан
шынайы тарихтың бетін ашайын десе Ресейден именеді. Сөйтіп, бүкіл әлем геноцид
деп таныған ашаршылық мәселесіне бейжай қарап отыр. Өкінішті! 

Есен Байнұр. 

Серіктес жаңалықтары