«Шайқас» басталды

«Шайқас» басталды

«Шайқас»  басталды
ашық дереккөзі
248

Бірнеше апта бойы шыр көбелек айналып келген айналмалы орындық иелері өздеріне тиесілі он алты үміткерді таңдап алды. Жарыс ары қарай қыза түспек. Енді он алты үміткер өзара сайысқа түседі. Үміткерлердің дауысына тәлімгерлердің өзі таласты. Кейбір үміткерлердің бабы келіссе де, бағы жанбады. Сахна төрінде болып жатқан көңіл тебірентер талай жайтқа қалың көрермен өздері куә болды. Әннің алғашқы ноталарымен-ақ тәлімгерлердің бетін бері қаратқан таланттардың өнері ерекше болды. Жоба барысында 4 тәлімгер үміткерлермен бірге жылап, бірге қуанды. Олардың да саф дауысты дөп басып таба алмай, өкініп қалған тұстары да болды. Талай қызығы мен шыжығы болған «Көрмей тыңдау» кезеңінің әсерлі сәттері артта қалды. 

Енді үміткерлерді алда «Шайқас» күтіп тұр. Іріктеуден сүрінбей өтіп, тәлім­герлердің қамқорлығына ілінген өнер­­паздар өзара сайысатын болады. Тәлімгерлер таңдап алған 16 үміткер өзінің мықты екенін дәлелдеу үшін өзара бәсекеге түседі. 2 үміткерге бір ән ұсынылады. Әнді нақышына келтіре шырқап, мысы басым түскен жүйрік қана келесі кезеңге өтеді. Ал қарсыласына төтеп бере алмаған өнерпаз жобадан шығып қалады.

Осы аптада жобаның нағыз шарықтау шегі «Шайқас» кезеңі басталды. Үміткер­лердің шабытын шыңдап, талантына қамшы басар тұсы енді келген секілді. Бұл жолы да тәлімгерлерге оңай соқпасы анық. Өнерпаздардың «Шайқастағы» тағдыры тәлімгердің қолында. 

«Шайқас» кезеңі, расында, «Қазақстан дауысы» атанғысы келгендер үшін нағыз шайқас болмақшы. 

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары