Айтыстың бас жүлдесі - пәтер болмақ...
Айтыстың бас жүлдесі - пәтер болмақ...
Алматы қаласының Ғ.Мүсірепов атындағы театрының залында қараша
айының 28-інде халықаралық ақындар айтысы өтеді.
Айтысқа қытайлық қандастарымыз бен қазақстандық суырып
салма ақындар қатысады. Атап айтар болсақ, өткен көктемде Қазақстанға келіп айтыстан бас
жүлде және бірінші, екінші, үшінші орындарды иеленіп кеткен қытайлық төрт қандасымыз арнайы шақырылды.
Олармен қатар қазақстандық Сырым Әуезхан, Манас Қайыртайұлы, Амангелді
Сейілхан, Алтынбек Ибрагимов сынды республикалық және аудандық ақындар
айтыстарының жүлдегерлері бақ сынасады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Төреғали
Төреәлі, Еркін Нұржанов, «Алашұлы» тобы жыр доданың сәнді өтуіне өз үлестерін қоспақ.
Бұл айтыс жаңа бағдарламаларымен, көрерменге тосын сыйымен ерекшеленетін болады.
Әділ қазылар қатарында Серік Қалиев, Бақыт Жаппаров, Фархат Маратов, Ұлан
Еркінбайдай мәдениет пен әдебиет, айтыс саласында өзіндік із салып жүрген ел ағалары
болады. Бас жүлдеге Алматы облысы, Райымбек ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен
пәтер ұсынылуда. Бұл айтыскер ақындарға құрмет
ретінде, жас буынды қолдап, көтеру мақсатында азаматтарымыздың тағайындаған жүлдесі.
Айта кетерлік жағдай бұл жастар айтысын студенттер ұйымдастырып
жүр. Жыл сайын кіші көлемде өткізіліп жүрген айтыс Алматы жұртшылығының алдына халықаралық
деңгейге шықпақ. Айтысымыздың жаңа
буынын, жастардың жобасын, ел болашағын
бірге қолдайық!
“Түркістан-ақпарат”