БҰЛ – СЕНIҢ ЖЕРIҢ, СЕНIҢ ҚАЛАҢ, СЕНIҢ ГАЗЕТIҢ!

БҰЛ – СЕНIҢ ЖЕРIҢ, СЕНIҢ ҚАЛАҢ, СЕНIҢ ГАЗЕТIҢ!

БҰЛ – СЕНIҢ ЖЕРIҢ, СЕНIҢ ҚАЛАҢ,  СЕНIҢ ГАЗЕТIҢ!
ашық дереккөзі
278

«Алматы ақшамы» газеті өзінің азғана өмір жолында бір қатар ауқымды істерді атқарып келеді. Мың жылдан астам тарихы бар Алматы шаһарының кешегісі мен бүгінгісін зерттеп, зерделеп өз оқырманына жеткізе білуде. Әлдекімдердің «Алматы қаласының тарихына небәрі 150 жыл» деген жалған болжамдарын жоққа шығарып, шаһардың ең кемі мың жылдық тарихы бар екенін білгір ғалым-тарихшылардың зерттеулерімен дәлелдеп берді. Қазір  Алматының көнеден келе жатқан қала екенін бүкіл әлем мойындап отыр.

Редакция ұжымы алып қаланың күнделікті қарбалас тіршілігінің тасасында қалып қоймай, еліміздің тарихына, халқымыздың өткен-кеткен өміріне  қатысты сүбелі дүниелерді газет бетінде жиі-жиі жариялап жүр. «Бұрынғының адамдары-ай!», «Өткен-кеткен», «Дүние-дүрмек», «Алматылықтардың алданышы», «Шаһар шежіресі», «Тұлға-тағдыр», «Зиялының сөзі», «Алматыны басқарғандар», «Алматының айымдары», «Оқи отырыңыз» айдарларымен тұрақты беріліп келе жатқан танымдық және тарихи мақалалар бұған айғақ. 

«Сағындым Алматымды» айдарымен беріліп жүрген мақалалар бұрын әсем қалада тұрып, әртүрлі себептермен еліміздің өзге өңірлерінде ғұмыр кешіп жатқан жандардың сағынышы мен ыстық ықыласын жеткізсе, «Біздің қаланың тұрғындары», «Өмір-өнеге» айдарлары мың жылдық тарихы бар шаһарда өмір сүріп жүрген қалалықтардың  кешегі, бүгінгі жарқын тұрмысынан, қиын тағдырынан сыр шертеді. 

Күн сайын көркейіп, бой түзеп келе жатқан алып қаладағы тынымсыз тіршілікті «Қала құндылықтары», «Қаладағы кәсіп», «Шаһар шаруа­шылығы», «Қала-қарбалас» айдарларынан берілген хабар-ошарлар мен көлемді  материалдардан оқып білуге әбден болады.

Театр, кино саласындағы талантты тарландарымыздың сахна сыртындағы, күнделікті өмірдегі, қоғамдағы өнегелі істері, айтқан әңгімелері, ғажайып тірліктері айтқан-айтқан жерінде қалып жататыны құпия емес. Ақиық өнер иелерінің сол сөздерін жинақтап, мұраға айналдыруда да «Алматы ақшамы» бірқатар игі істер атқара білді. 

«Тазарғың келсе, театрға бар!», «Қамшытастар», «Мірдің оғы», «Тілші талдауы», «Жақсыдан сөз қалсын» секілді айдарлар аясында берілген мақалалар ұлттық, елдік деңгейдегі мәселелерді қозғап жүр.

Газет бетінде «Алаштың айтқыш­тары», «Алматының айтқыштары», «Ақшамның айтқы­штары» деген айдармен арысы Алашқа, берісі қазаққа белгілі өнер адамдары мен қаламгерлердің, газет қызметкерлерінің тосыннан тауып айтқан уытты сөздерін қаз-қалпында, уын жоғалтпай, бояуы кеппей оқырман назарына ұсынып отыру да дәстүрге айналған. Әсіресе, «Қазақы пайым» айдарымен ауа райына жасалынып жүрген болжам газет оқырмандары арасында кең қолдауға ие болып отыр. Осы аталған ауқымды істер газет таралымының артып, оқырманының көбеюіне көп септігін тигізуде.

Жазылған жайға орай

КЕЛЕШЕКТЕН КЕШIРIМ СҰРАҒАН ЖӘКЕМ-АЙ!


(«Ата Алматы мен балақай Верный» арасы жер мен көктей» «Алматы Ақшамы», 17.03.2011)

Р.S. Ойды ой түртедi. Қайран Жамбыл жәкемiз еске түседi. Әулиеатаның атын Жамбылға өзгерткенде жаны жұмсақ, iзгiлiктен жаралған жыр алыбы: «Атыңнан айналайын Әулиеата, атыңды тартып алсам болма қапа» деп, сол кездегiлердiң солақай шешiмi үшiн келешектен кешiрiм сұрап кеткенi қандай керемет!

Жамбылдың ұлылығы сонда – ел тарихының өткенiне деген құрмет, iлтипат жатыр едi оның сөзiнде. Айтарымды айтып кетейiн, келешек ұрпақ өзi ой түйiп алар дегендi меңземей ме жыр жүйрiгi. 


АЛМАТЫДАҒЫ АХАҢНЫҢ ҮЙІ


«Ақшамдықтар» Ахмет Байт­ұрсынұлының 140 жылдығына орай Ахаңның мұражай-үйінде болып, Алаш қайраткерлерінің рухына бағыштап ас берді

«Бiтер iстiң басына, жақсы келер қасына» дегендей, тура бiр жыл бұрын «Алматы ақшамы» газетiнiң редакциясы Шев­ченко-Масаншы көшелерiнiң түйiскен тұсындағы ғимаратқа көшiп келгенiнде, тiлшiлер қауымы ерекше қуанған. Өйткенi осы маңайда қазақ баспасөзiнiң негiзiн салушы, ұлтымыздың рухани көсемi Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйi орныққан-ды. Ғұмырында әр шаһарда тұрса да, итжеккен мен айдауда жүрсе де, бiр өзi бiр институттың атқара алмайтын шаруасын бүтiндеп кеткен Ахаңа деген құрмет қашанда айрықша. Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 140 жыл толып отыр… 

Д. Анаш

«Алматы ақшамы»,

15 қыркүйек, 2012 жыл.


ОТЫЗ ЖЫЛҒА ЖУЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНДА

ЕДЕН ЖУҒАН «БАБА ЗИНА»

немесе Құрманбек, Қанабек көкелеріміздің басқан ізін

жуғанын мақтаныш көретін 

жан есіңізде ме?

Жексенбі күні фототілшіміз Жеңіс екеуміз жұмыс бабымен келе жатып, Көкбазарға соғып, қымыз іше кетуді жөн көргенбіз. Енді ғана майы кесенің ернеуіне жабысқан қымызды ұрттай бергенім сол еді, аңқылдаған Жеңісім «О, баба Зина» деп бір кемпірмен құшақтаса кеткені. Кемпір де оны бұрыннан танитындай жылы амандасып, жылы сөйлесе кетті. Қатпар-қатпар әжім өрнектеген жүзіне жарасқан күлкісі сондай мейірімді… Сол мейірімімен бір түрлі өзіне тартатындай. Жеңіске «бұл кісі кім?» деймін…

Н. Тегінбайқызы

«Алматы ақшамы», 2008.

ҚАЗАҚЫ ПАЙЫМ

немесе

бабалар болжамы

Күнге қарап айтылған 

халықтық болжам: 

Күн сарғыш қызылданып, шаңқайып шықса, сол жылы құрғақшылық, ал күн күңгірттеніп, қораланып солғын көрінсе, жыл жауын-шашынды болады. 

Күн сәуле шашып шықса,  сол жылдың жайлы, молшылық болуынан дерек береді. 

«Ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан» деп мақалдайды. Расында, күн құлақтанып шықса, не боран, не аяз болады. Күн құлақтанып бататын болса, ауа райы жылыға бейім болатыны даусыз. 

«Ай қораланса, атаныңды сайла, күн қораланса күрегіңді сайла», – дейді.

Айға қарап айтылған 

халықтық болжам:

Айдың екі ұшы сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол ай жауын-шашынды, желді, борасынды болады. 

Ай туғанда бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын жауатынның белгісі. 

Толған ай ашық туса, күн жылы, жақсы болады. 

Ай қызыл түспен қордаланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. 

Ай бұлыңғыр болса – жаңбыр жауатындығын, ашық болса ауа райының ашық болатындығын білдіреді. 

ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛЫП,ҰТЫСҚА ИЕ БОЛЫҢЫЗ


«Алматы ақшамына» жазылу басталып кеттi. Газетке жазылған оқырмандар үшiн  қомақты жүлделерiмiз бар екенiн де естерiңiзге саламыз. 

Алдымен: өзiңiз тұрып жатқан жердегi пошта бөлiмшелерiне немесе Бас поштамптқа барып, «Алматы ақшамына» 2014 жылға толықтай жазылыңыз. «Дауыс» ЖШС, «Эврика-пресс», «Қазпресс» және «Еуразия-пресс» дүңгiршектерi мен қабылдау пункттерiнде де «Алматы ақшамына» жазылуға болады.  

Сосын: үстiмiздегi 2013 жылдың 24 желтоқсанына дейiн «Ақшамға» жазылғандығыңызды растайтын түбiртек көшiрмесiн редакцияға әкелуiңiз немесе хатпен салып жiберуiңiз керек.  

«Сарыағаш», «Жаңақорған», «Аққайың», «Самал» шипажайларына он жолдама; бір ноутбук; Алматыдағы үлкен театрларға жыл бойына тегін екі билет (екі кісілік); интернетке желісі қосылатын флешкалар; бір теледидар. Ынталандыру сыйлықтары:

«Алматы ақшамының» ескерткіш сый-сияпаттары;

«Алматы ақшамы» сериясымен жарық көрген кітаптар.

Жүлделерді ойнату уақыты қосымша хабарланады. Жеңімпаздардың есімдері газетіміздің 2014 жылғы алғашқы сандарының бірінде суреттерімен жарияланатын болады.

Бұл – сенiң жерiң, сенiң қалаң, сенiң газетiң!

«АҚШАМНЫҢ АЙТҚЫШТАРЫ»


 «Ұлтшыл болмасақ, iс бiтпейдi…»

Үлкен орында, үлкен жиналыс өтiп жатады. Әңгiменiң соңы  ұлтшылдықтан сақтану керек дегенге келiп саяды. 

Сонда Қалекең:

– Қазiр бәрiбiр ұлтшыл болмасақ, iс бiтпейдi, – деп сөздi төтесiнен бiрақ айтыпты. 

«Аман болсын Айнабай…»

Үзiлiске берiлетiн  бiр сағатты тиiмдi пайдалану да журналис­ке әжептеуiр олжа ғой. Өздi-өзi шүйiркелесiп отырған да бiр ғанибет. Әр бөлменiң «завхозы» бар. Кiмнiң жасы кiшi болса, бәрi соның мойнында. №7 бөлменiкi – Айнабай Мәди. 

Түс болып қалды. Айнекең әлi жоқ. Жиналыстан кешiгiп жатыр. Шәй ішкісі келген Өтеш Қырғызбай тықыршып, есiкке бiр, шәйнекке бiр қарайды. Сабырлы Құттыбек Аймахан ешнәрсенi алаң-елең қылар емес. Айнабайдан кейiнгi жасы кiшiмiз сол. Сәрсенбек  Өтекеңдi сабырға шақырып:

– Отыр түктi ойламай,

Аман болсын Айнабай,– дейдi. Осы сәтте апыл-ғұпыл есiктен енген Айнабай әлгi екi қатар өлең жолын iлiп алып:

Аман болса Айнабай,

Тұрмас шәйнек қайнамай,– деп  жалғап жiбердi.

Дайындаған Жаңабек Шағатай

Серіктес жаңалықтары