ӘЛЕМ ЖҰРТЫ ЖИҺАНКЕЗГЕ АЙНАЛҒАНДАЙ
ӘЛЕМ ЖҰРТЫ ЖИҺАНКЕЗГЕ АЙНАЛҒАНДАЙ
Соңғы кезде әлем елдері туризм мәселесіне айтарлықтай
көңіл бөлуде. Алматыда
өткен «Бизнес сапарлар технологиясы мен саясаты арқылы бизнес сапарларды ұйымдастыруда қалай үнемдеуге болады?» деген тақырыпта Abacus корпаративті
саяхаттар конференциясы аясында бұл саланың кез келген мемлекеттің экономикасын
көтеріп, ЖІӨ артатындығы айтылды.
БҰҰ-ның мәліметінше,
әлемде 2012 жылы копроративті саяхат жасаудан 1,12 трлн. АҚШ доллары түскен.
Бұл әр жыл сайын 8 пайызға артады екен. Мәселен, Қытайдың халқы саяхаттауға 196
млн., АҚШ 262 млн., Оңтүстік Корея 30,5 млн АҚШ долларын жұмсайтын көрінеді.
Сондай-ақ, әлемде жаңадан ашылған әрбір 100 жұмыс орнының 11-і туризм
индустриясында құрылуда. Әлемдегі саяхатшылар саны алғаш рет 1 миллиард адамнан
асты. «Біз өткен айда Қытайда БҰҰ-мен бірлесіп ғаламдық туризм бойынша форум
өткіздік. Азияда қазір туризм қарқынды түрде өркендеуде. Корпоративтік саяхатты
ұйымдастыруға әлемде 393 млрд. доллар жұмсалса, Азиядағы оның үлесі 30 пайызды
құрауда. Өсім мұнда соңғы 12 жылда жыл сайын 8 пайызды құрап отыр. АҚШ бастаған
корпоративтік саяхатқа жұмсайтын шығысы ең көп 15 елдің бесеуі азиялық
мемлекеттер», – дейді Іскерлік сапарларды корпоративтік басқарушылар
қауымдастығының (АСТЕ) Аймақтық директоры Бенсон Танг.
Abacus Central
Asia компаниясының Бас Директоры Павел Спицын: «Біз Қазақстандағы корпоративтік
туризм нарығының мүшелерімен жыл сайынғы кездесуімізге өте қуаныштымыз. Биылғы
жылы біз конференцияға айрықша мұқият дайындалдық және АСТС 2013 жемісті
болатынына және қатысушылар іс-сапар шығындарын оңтайландыру, қызметкерлерді
тиімді басқару, бизнес сапарларының саясатын ұйымдастыру және енгізу туралы
білім және дағдылар алады және қажетті қатынастарға ие болатынына сенімдіміз.
Осы жылы біз әртүрлі халықаралық компаниялардың өте танымал кәсіби спикерлерін
шақырдық. Біз Қазақстанда корпоративтік сапарлар нарығының кәсіби деңгейі
жылдан жылға өсіп, бұл істе біздің қосқан үлесіміз өз ролін атқаруын қалаймыз»,
– деді.
Екі күндік бұл шараны
Азия-Тынық мұхит аймағындағы туризм индустриясының шешімдер мен қызметтерінің
басты жабдықтаушысы саналатын Abacus International компаниясы ұйымдастырды.
Динара Дүрмән