ЖАСТАР ТЕАТРЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ

ЖАСТАР ТЕАТРЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ

ЖАСТАР ТЕАТРЫ – СЫР ӨҢІРІНДЕ
ашық дереккөзі
412

Сыр еліне Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен келді.

Алматының өнер майталмандарының бұл сапарына Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов табыс тілеп, өнердегі байланыстың мұнан әрі де бекемдей түсеріне сәттілік білдірді. Өз кезегінде театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры, Қазақстанның халық әртісі, профессор Талғат Теменов бұл сапарға қолдау көрсеткен облыс басшысына ризашылығын жеткізді.

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында алдымен «Ай-Қарагөз» трагедиясы қойылды. Спектакльдің жаңа нұсқасын жасаған қоюшы-режиссер Талғат Теменов. Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша сахналанған қойылым салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты шынайы бейнелеген. Мұнда қос ғашықтың қатал тағдыры ақыр соңында трагедиямен түйінделеді.

Бас кейіпкерді ойнаған халықаралық театр фестивалінің лауреаты Аида Жантілеуова. Ал Сырым батыр рөлінде жас әртіс Дархан Сүлейменов. Сондай-ақ, Қарагөздің күйеуі Наршаны ойнаған Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Мұхитдин Шынтаев, Найман мен Арғын аталықтарын аузына қаратқан Мөржан бәйбіше рөліндегі ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаева және Тойсары рөліндегі ҚР еңбек сіңірген әртісі Кәдірбек Демесінов секілді сахна саңлақтарының өнері көрермен қауымды рухани бір серпілтіп тастады. 

Серіктес жаңалықтары