«Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау жарияланады!

«Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық байқау жарияланады!

«Көркемсөз оқу шеберлері» атты  қалалық байқау жарияланады!
ашық дереккөзі
1384
Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Көркемсөз оқу шеберлері» қалалық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, талантты жастарды жан-жақты көтермелеу. Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. Байқаудың шарттары. Байқауға 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ осы байқаудың өткен жылдардағы жеңімпаздары байқауға жіберілмейді. Байқауға қатысушылар төмендегідей тапсырмаларға  алдын ала дайындалып келуі керек: 1.  прозалық шығармадан үзінді оқу; 2.  драмалық шығармадан үзінді оқу; 3.  мәнерлеп өлең оқу. Оқылатын мәтін көлемі 3-4 минуттан аспауы керек, дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады. Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларынан үзінді оқуға  болмайды, талапкерлер оқитын мәтіндерін жатқа білулері қажет. Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады. Байқаудың жүлдесі. Жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады. Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Байқауға қатысуға тілек білдірушілер 2013 жылғы 17 қарашаға дейін Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өтініш бере алады. Байланыс телефондары: 2672228, 87078070102. Қымбат Нұрсұлтанқызы.  

“Түркістан-ақпарат”

Серіктес жаңалықтары