БІЗДІҢ ЗАМАННЫҢ «ДӘРІГЕРІ»

БІЗДІҢ ЗАМАННЫҢ «ДӘРІГЕРІ»

БІЗДІҢ ЗАМАННЫҢ «ДӘРІГЕРІ»
ашық дереккөзі
203

ХХІ ғасырда медициналық қызмет көрсетудің деңгейі артты. Енді дәрігерлер қалта телефондағы тегін бағдарлама арқылы халыққа қызмет көрсете алады.
«Dariger» – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық негізгі ауруларды анықтау және емдеу протоколдары. Бұл бағдарламалық қосымша аналарға арналған сайт негізінде жасалған екен. Жаңа бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетіледі, дегенмен оның тұтынушыларының 90 пайызы қазақ тілінде ақпарат алғанды жөн көреді. 

Дәрігерлер бұл жоба аясында қажетті ақпараттарды тез тауып алады, ал емдеу мекемелерінің басшылығы ауруларға диаг­ноз қою, ем-дом жасау ісінің нормативті талаптарға сай екенін қадағалайды. Ал қарапайым азаматтар медициналық қызметтің түрлері жайлы жан-жақты мәлімет алады. «Мұндай жобалардың үлкен территориясы бар, халқы әртүрлі тығыздықта орналасқан, шалғай жатқан елді мекендері бар еліміз үшін маңызы зор», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Электронды денсаулық сақтау жолдарын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаев. 

Бұл бағдарламалық қосымшаны тегін жасап, іске қосып беріп отырған «Beeline» компаниясы. 

Beeline Қазақстанның Корпоративті коммуникация директоры Алексей Бендзь жаңа жоба туралы былай дейді: «Компаниямыздың алдағы жоспарында «Beeline Telemedicine» деген үлкен әлеуметтік бағдарламаны іске қосу тұр. Телемедицина саласындағы жобалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырады. Алдағы 2-3 жылда медициналық қосымшаны 30 пайызға дейінгі смартфон иелері пайдаланатын болады, ал әртүрлі тетіктер (дене қызуын, қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейі мен т.б.) кәдімгі қалыпты жағдай болады. Жаңа «Dariger» қосымшасын іске қосуға қолдау көрсету – бұл осы саладағы біздің алғашқы қадамымыз және біз Қазақстандағы осы бағытты дамыту жолындағы басқа да бастамаларға ықыласпен қолдау көрсететін боламыз.»

 «Dariger» қосымшасын Google Play жүйесінен жүктеп алуға, оны Android (2.1-ден жоғары) операциондық жүйесі бар смартфондар мен планшеттерде қолдануға болады. 

Ең әуелі бұл жоба кәсіби дәрігерлер мен медицина оқу орындарының студенттеріне арналған. Әсіресе, жұмысқа жаңадан кіріскен жас дәрігерлер үшін бұл таптырмас көмекші құрал болмақ.

«Түркістан-ақпарат» 

Серіктес жаңалықтары