ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ҚЫЗМЕТ

ЕЛ ИГІЛІГІ  ҮШІН ҚЫЗМЕТ
ашық дереккөзі
1030

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Жолдауында көші-қон мәселесіне жете көңіл бөлгені мәлім.

Жолдауда Елбасы шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түсетінін және Қазақстанда заңсыз еңбек миг­ранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелуі мүмкіндігін де атап өтті. Сонымен қоса, қазір елдің жекелеген өңірлері көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. 

Осыған байланысты, жаңа көші-қон толқындарын мейлінше азайтып, алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы  қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына көші-қон саласы берілді. 

Бұл – Елбасының Министрліктің көші-қон саласындағы өкілеттігін кеңейте отырып, қордаланған мәселелерді шешуде және осы салада тиімді саясат жүргізуге үлкен сенім артқанын білдіреді.

Көші-қон комитеті жаңадан құрылып, мен осында еңбек жолын бастау мәртебесіне ие болдым. 

Министрлік мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеу барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сүйене отырып, конкурсты ашық және әділ жүргізетіндігіне өзім жұмысқа қабылданғанда әбден көзім жетті. 

Жұмыс барысында мен Комитетте адамгершілігі мол, мәдениеті мен сауаты жоғары қызметкерлермен таныстым. Жас маман ретінде алғаш жұмыс бастағанда тәжірибесі мол, көргені мен көкейге түйгенін кейінгі толқынға жеткізуден талмайтын білікті мамандардың кеңесі ауадай қажет. Міне, Комитетте дәл осындай мамандардың жұмыс жасайтыны мен үшін үлкен жетістік болды. 

Осы оңтайлы сәтті пайдалана отырып, Министрлік басшылары мен қызметкерлерін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні – кәсіптік мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне арнап белгіленген мерекенің маңызы зор. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі.

Баршаңызға сәттілік, бақыт, денсаулық және Қазақстан Республикасы, ел игілігі барысындағы қызметтеріңіздің жемісін көруді тілеймін!

Қымбат Әлиакбарқызы, 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Көші-қон комитетінің сарапшысы

Серіктес жаңалықтары