ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚОЛЖАУЛЫҚТЫҢ АРАСЫ
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ПЕН ҚОЛЖАУЛЫҚТЫҢ АРАСЫ
Отаршылдық зардабын көп шеккен халықтардың бірі қазақ халқы екені тарихымыздан жақсы мәлім. Ұлтымыздың табиғи жолымен дамуына әсіресе кедергі келтірген – өз кезіндегі Ресей отаршылдығы болғанын дәлелдеп жатудың қажеті шамалы. Біз осынау саяси теріс құбылыстың белгілерінен еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана біртіндеп құтыла бастадық. Соның бір нышаны – тәуелсіздік алған жиырма жылдан астам уақыт ішінде еліміздегі демографиялық ахуалдың жақсара бастауы. Өзінің ежелгі жерінде азшылыққа айналған ұлтымыз алғаш рет өз елінде елу пайыздық межеден асып, сан жағынан біртіндеп көбеюге бет алды.
Оған оңды әсер еткен факторлардың бірі Елбасымыздың бастамасымен ұйымдастырылған «Нұрлы көш» бағдарламасы болғаны да күмәнсіз.
Сонымен бірге тарихтың әр кезеңінде өз еріктерінен тыс келіп, қазақ жеріне қоныстанып қалған басқа ұлт диаспораларының біртіндеп тарихи отандарына орала бастауы да айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Алайда осынау оңды демографиялық құбылыстың кейінгі жылдары кері кете бастаған түрі бар. Алаңдататыны – бұған дейін Қазақстанға еш қатысы болмаған, басқа мемлекеттерде тұратын өзге ұлт өкілдерінің елімізге көптеп келе бастағандығы. Олар тәуелсіз мемлекеттің шекарасын еш бөгеліссіз емін-еркін аттап кіріп кетуімен қоймай, біржола тұрақтап қалуда. Тіпті азаматтығымызды да оп-оңай алып жатқандары бар көрінеді.
Өз қандастарымыз сандаған жылдар бойы армандап, қол жеткізе алмай келе жатқан Қазақстанның қасиетті шекарасы пайда мен қолайлы күнкөріс іздегендер үшін ашық тұрғаны қынжылтады. Бұған әрқилы дәлелдер бар. Республикалық БАҚ-тарда қазақ болып жазылып алып, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша көшіп келіп жатқан ұйғырлар немесе мыңдап қоныс аударып жатқан армяндар туралы айтылуда. Орта Азия, Кавказ халықтарының елімізге келіп, тез арада қоныстанып үлгеріп жатқандары Отан патриоттарын еріксіз алаңдатып, жекелеген тұрғындардың наразылығын туғызуы да заңды.
Осыншама басқа ұлт өкілдері қазақ жерінен не іздеп келеді? Әрине, Қазақстанды көркейтіп, қазақ болып кету үшін немесе қазақ тілін белсенді тіл қатарына қосу үшін емес. Жатжерлік әр адам өзінің жеке бас пайдасын алдымен ойлайтыны түсінікті. Мысалы, Қазақстандағы армян қауымдастығының жетекшісі, ассамблея мүшесі Карапетян Қазақ радиосына берген сұхбатында (2013 ж. 25 тамыз) Қазақстанға жыл сайын 7-8 мың армянға қоныс аударуға Назарбаевтан рұқсат сұрап жүрмін деп айтты және армян ұлтының қоныс аударуы үшін ерекше жеңілдік талап ететінін де жасырған жоқ.
Сонда осыншама армян Қазақстанға келіп алғаннан кейін не істейді? Әрине, өз жағдайларын одан арман жақсартып, байыған үстіне байи түсуге ұмтылады. Бұл жөнінде сол Карапетянның өзінің сөзін тыңдап көрейік: «Например, мы пошли дальше. Бизнесом наши занимаются. Допустим, Актюбинский наш бизнесмен содержит 10 тысяч свиньей, а мясо продает в Усть-Каменогорске, другому армянину, который есть магазины. Или допустим, в Чимкенте делает теплицы… Короче, вот такой бизнес, помощь, связи. Я считаю, это очень большой поле деятельности, думаю это я больше развивать. И самое главное, товар производят для нашего народа же».
Сұхбаттан байқалғандай, армян өзінің өндірген затын тек екінші армянға сатады. Тіпті арақашықтықтың алыс болғанына да қарамайды. Сонда мемлекеттің экономикасын жақсартуға осылай үлес қоса ма? Егер өз жерінде жүрген қазақ өз бизнесін тек қазақтарға ғана арнаса не болар еді? Сөз жоқ, ұлтшыл атанар еді.
Әрине, бұндай келімсектердің бизнесті жүргізетін қосымша құрылымдарды да жолға қойып алғандарында дау жоқ. Былайша, айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл – бір ғана мысал. Әйтпесе тек армян ғана емес, Қазақстандағы басқа ұлт өкілдері өз шаруаларын өркендетіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартқан үстіне жақсарта түсуде.
Әрі бай, әрі қызуқанды кавказдықтардың қасында өзі момын өзі кедей қазақтың қалай күн көретінін елестетіп көру қиын емес. Жаңағыдай бай армян қазақты қара жұмысына да алмайды, осы екі ұлт арасында тұрмыстық-әлеуметтік шиеленіс туындай қалса, жеңіс, әрине, армян жағында.
Жыл сайын осынша қаптап келетіндей, армяндардың Қазақстанға қандай қарызы өтіп кетіп еді? Ал Армения өз жеріне жыл сайын қанша қазақты қабылдап, қанша қазаққа құшағын ашып жатыр екен? Сонда біздікі неғылған шабылу, неғылған парықсыз қонақжайлылық, неғылған батпан құйрық? Тек армяндар ғана емес, басқа да кавказдықтар мен Орта Азияның өкілдері қазақ жеріне мысықтабандап жылжып келіп, үнсіз ғана қоныстанып жатыр. Олар осылайша келіп, қазақтың сыбағасын тартып алып қана қоймай, қазақтарға өктемдік жүргізетіні жайлы да айтылып келеді.
Өкініштісі – сондай жеке мүдде жолында жүрген жандарға тәуелсіз мемлекетіміздің есігін далитып ашып қоюымыз. Бұндай әсіреқонақжайлылық өзі әлі екі аяғынан тік тұра алмай жатқан мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, әсіресе қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасып кетуіне қауіп төндіруі ғажап емес.
Келімсектер алдымен аумағы кең жеріміздің тек шұрайлы өңірлерін немесе табыс табуға мүмкіндігі мол аймақтарды көздейді. Олар Бетпақдалаға немесе Қызылқұм мен Нарын құмдарына қуаласаң да бармайды.
Үшіншіден, өз тілінде немесе орыс тілінде сөйлейтін болғандықтан да, әр келімсек қанатын еркін сермей алмай жүрген қазақ тілінің өрісін тағы тарылтатыны айтпаса да түсінікті.
Төртіншіден, сондай келімсектердің байырғы жұртты қорлауға, кемсітуге бейім тұрғандығы отар ел болған кезіміздегі тарихымыздан жақсы белгілі. Қазақты өзі атымен атамай, «калбит», «баран», «чурбан» және тағы басқа кемсітулер одақтың ыдырауымен бәсең тартып қалғаны белгілі. Келімсектер көбейе түскен сайын, қазақтың ұлттық намысына тиюшілер қатары да молая түспек.
Бесіншіден, қазақ жеріне еніп алып, қоныстанып жатқандар тек өздерінің бас пайдаларын көздеп келгендіктен, олардың арасында криминалды элементтер, теріс пиғыл, жат ағыммен жүргендер жоқ деп ешкім кепілдік бере алмайды. Олар әлеуметтік ахуалды да ушықтыра түсуі ғажап емес.
Келімсектердің басым бөлігі ауқатты жандар екендігін де ескеру керек. Мысалы, жоғарыдағы Карапетянның сөзінде армяндардың бай екендігі айтылған, жұмыс іздеп жүргендері жайлы ләм-мим сөз жоқ. Сондай ауқатты келімсектердің өктем болып келетіндігі, кедей қазақтарды адам қатарына санай бермейтіндігі, жалдап жұмысқа алып, ұнамаса ақысын бермей қуып жіберіп жатқандығы тағы да жасырын емес. Демек, байырғы ұлттың өз жеріне жаңадан келіп, қожайын болып жатқандардың табанына түсуі қай мемлекеттің саясатында бар? Бұл – алтыншы.
Сонан кейінгі бір мәселе – басқа ұлт диаспораларының барлық өкілі еліміздің патриоты бола алмайды, Президентіміз айтып жүрген Қазақстандық патриотизм ұғымына кері әсер ететіндігі сөзсіз. Оның айқын көрінісі спорт жарыстарында байқалады. Мысалы, Қазақстан мен Түркияның футбол командалары ойнаған кезде қазақстандық түріктер қай жағына жақтасады? Түркия туын алып, Алматы көшелеріне шығып кеткендер кімдер?
Басқа ұлт диаспоралары да сондай әрекетке барса, несіне кінәлаймыз? «Қарына тартпағанның қары сынсын» деген қазақ. Қазақтың отын оттап, суын ішіп жүрсе де, ондай келімсектердің шын мәніндегі Қазақстан патриоты бола алмайтыны белгілі ғой.
Бір ауыз сөзбен айтқанда, жыл өткен сайын келімсектердің үнсіз ғана көбейіп келе жатуы әлдеқандай жымысқы саясаттың салқыны демеске шара жоқ.
Бір жылдары Қытай коммунистік партиясының жетекшісі Мао Цзе Дунь Сталинге Сібірді игеруге көмектесу үшін миллиондаған қытай жұмыскерлерін жіберейін дегенде, Сталин ойланып отырып: «Бұл – бейбіт түрде басып алу ғой», – басын шайқаған екен дейді. Сол сияқты тек бір ұлт өкілінің өзінен қазақ жеріне жыл сайын 7-8 мыңнан жатжерлік адамдардың білдірмей келіп жатуы – «бейбіт түрде басып алудан» басқа ештеңе емес. Келімсектер тасқыны бұлайша үдей берсе, тәуелсіздіктен айрылып қалуымыз оп-оңай.
Кеңес заманында немістердің «Неміс автономиясын» сұрағаны секілді біртіндеп көбейіп алғаннан кейін, әр диаспора өз автономияларын сұрай бастаса не болмақ? Әзірше өз тыныштығын сақтап тұрған ұлтаралық келісім бір күндері бұзыла бастаса, арты жақсылыққа ұласады деп айту қиын.
Респуликалық БАҚ Қазақстанға қытайлардың келуінен қауіптенетін үнемі айтып келеді. Бірақ қытайдан басқа да ұлт өкілдерінің білдірмей, ақырындап келіп тұрақтанып жатқаны назарға алына бермейді. «Есіктен кіріп, төр менікі» деудің көкесі әлі алда болуы мүмкін. ХІХ ғасырдың ортасында қазақ жерінде болған Адольф Янушкевич Аягөз өңіріне шамалы өзбектердің рұқсатпен қоныстанып алып, кейін сандары көбейіп, шаруалары кеңіп кеткенде барып, парықсыз қазақтар өз жерлерінің тарылып қалғанын бір-ақ білгенін таң қала жазған болатын.
Әбден дамып, қалыптасып кеткен тарихы терең алпауыт елдердің өздері әрбір келген шетелдікке сақтықпен қарайды, кейде тұруға рұқсат еткенімен, өмір бойы тұрса да, көбіне азаматтық бермейді.
Үлкен болсын, кіші болсын, кез келген мемлекет етек-жеңін жинап, сырттан келген әрбір адамға сақтықпен қарайды, шамасы келгенінше қоныстануға рұқсат бермейді. Қоныстанып қалған күннің өзінде азаматтық, байырғы халықтың игілігіне қол сұғуға, құқығын бұзуға рұқсат бермейді, Ал сонда біздікі не жорық? Ал азаттықққа енді ғана қолымыз жетті ме деп тәй-тәй басып келе жатқан қазақ елі үшін сырттан енген басқа ұлттардың әрбір өкілі белгілі бір проблемасын ала келетінін жасыруға болмайды. Атап айтқанда, қазақтың өзіне тән табиғи сыбағасы жаңа келген әрбір келімсекке бұйырады да, ары қарай кері пропорциямен азая бермек.
Қонақжайлылықтың да шегі болады ғой. Өзіміз енді ғана аяғымызды тәй-тәй басып, тәуелсіздік алдық па деп отырған кезімізде, басқа халықтардың бейбіт басқыншылығының астында қаламыз ба? Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап қалу өз қолымызда емес пе? Біз сақ болып, ешкімге жалтақтамасақ, шекарадан тірі тышқанды да кіргізбеуге болар еді. Бірақ амал не?
Нұрдәулет Ақыш,
жазушы