ЕЛБАСЫ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕЛБАСЫ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕЛБАСЫ  ҰЛЫҚ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ашық дереккөзі
284

Күллі мұсылман қауымы күткен қасиетті Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Ең ұлық мерекенің алғашқы күнін ел халқы мемлекеттік мереке ретінде атап өтті. Бұл күні жер-жерде айт намазы оқылып, құрбандық шалынды. Елбасы Н.Назарбаев барша Қазақстан жұртын Құрбан айт мерекесімен құттықтау үшін Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келді. 

Бұл мейрам – ұлт пен ұлыс­ты ұйыстыратын рухани ұлы құн­ды­лықтардың бірі. Осы қасиетті күндері көпшілік жұрт құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді. Береке мен бірлікті, қайы­рым мен қанағатты арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады.

Орта Азиядағы алып мешіттің қа­тарына кіретін «Әзірет Сұлтан» ме­шіті мұсылман қауымға лық толды. Айт намазы оқылып болған соң мұнда түске таяу мемлекет бас­шысы арнайы келді. Мерекені ме­шіт­тен бастаған Елбасы алдымен дұға қылды, кейін барша мұсылман қауы­мына ізгі ниетін білдірді. «Құрметті қазақстандықтар, бү­гін барлық мұсылман әлемі, дүние­дегі 1,5 миллиард мұсылман жұрт­шы­лығы еліміздің төл мерекесі сана­латын Құрбан айт мейрамын зор құрметпен өткізіп жатыр. Тәуелсіздігіміздің арқасында мың­даған қазақстандық қажылық жасап, Меккеде өздерінің намаздарын оқып, тілек тілеп жатыр. Сол тілектердің барлығы да қабыл болсын! Баршаңызды шын жүрегіммен Құрбан айт мейрамымен құттық­таймын, тілеген тілектеріңіз, шал­ған құрбандықтарыңыз Алланың құлағына шалынсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ­тарды, мұсылмандарды Алла еш­қа­шан бірліктен ажыратпасын», – деді Елбасы. 

 Динара Дүрмән

Серіктес жаңалықтары