Индустрияландыру картасының игілігі

Индустрияландыру картасының игілігі

Индустрияландыру картасының игілігі
ашық дереккөзі
504

Ел экономикасының ілгері жылжуына үлес қосатын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қаншама нысандар іске қосылып, халыққа қызмет етуде. Үкімет мұнымен тоқтап қалмақ емес. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, еліміздің үш жылдық бюджетінде индустриялық-инновациялық, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жалғасын табады. Мұндағы мақсат – Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін әлемдік нарықта арттыру.  

Бүгінде еліміздің басты даму бағдарламасы бойынша 152 кәсіпорын іске қосылып, 24 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Ал 2014 жылға дейін құны 8,1 триллион теңгені құрайтын тағы 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Сондай-ақ индустрияландыру картасы бойынша, осы соманың 1,3 триллион теңгесін игеру көзделген. Нәтижесінде елімізде жұмыссыздық жүгенделіп, та­уар һәм қызмет көрсету сапасы жақсарды. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артып, бизнестің ісіне береке кірді. 

Бағдарламаның белгіленген алғашқы бесжылдық кезеңі 2014 жылы аяқталады. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы ҮИИД бағдарламасы екі бесжылдықтың ішінде экономиканың бет-бейнеcін өзгертіп, оны шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету туралы міндетін қойған болатын. Жоғарыдағы нәтижелерге көз жүгіртсек, бағдарлама өзінің осы кезеңге дейінгі діттегеніне жеткен тәрізді. Ал келесі бесжылдықты қамтитын кезең туралы Президент: «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технология­лар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет», – деген болатын. 

Ал Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуына қарағанда, бағдарламаның нәтижесінде еліміздегі өнеркәсіп оң серпінмен дамуға бет ала бастаған. Оның ішінде Индустрияландыру картасының тиімділігін жалпы ішкі өнім көрсеткішінің артуынан байқауға болады. Мәселен, өткен жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5 пайызға өссе, соның ішінде 1,3 пайызы Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жаңа өндірістердің үлесіне тиеді екен. Ресми деректерге үңілсек, 3 жылдың көлемінде республиканың түкпір-түкпірінде 537 жаңа өндіріс пайдалануға берілген. Нәтижесінде 50 мыңға тарта азамат жұмысбасты болыпты. Бұған дейін сырттан келіп жатқан, ал ендігіде өзімізде, яғни Қазақстанда шығарылатын өнімдердің 142 жаңа түріне жол ашылыпты. Былтырғы жылы жаңа өндірістер бойынша барлығы 913,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылған. Бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 5,5 пайызын, ал өңдеуші өнеркәсіпте Индустрияландыру картасындағы нысандар үлесінің 8 пайызын құрап отыр. 

Өнеркәсіптік дамудың аймақтардағы салмағын сараласақ, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары жобалардың саны бойынша республикадағы көшбасшы өңірлер болып келеді. Керісінше, ең төменгі өндіріс көлемі Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында тіркелген. Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бұндағы бар мәселені аталған өңірлердегі мұнай-газ өндірісі саласының ауыл шаруашылығынан басым екеніндігімен түсіндіруге тырысады. Ал жалпы алғанда бағдарламаның бүгінгі жетістігі өңірлердің, ұлттық компаниялардың менеджменті қаншалықты тиімді және қазақстандық бизнестің қаншалықты бәсекеге қабілетті болғанын дәлелдейді.  

Алайда, ҮИИД бағдарламасы еліміздің бар өңірінде қарқынды жүріп жатыр деуге болмайды. Кей жерде Елбасының рұқсатымен іске қосылған нысандардың тамырына қан жүгірмей қаңтарылып тұрып қалғанын да жұрт біледі. Мәселен, Индустрияландыру картасына ілінген 19 жобада жұмыс жанданбай, мерзімінен бұрын тоқтатылғаны есте. Осыған түсінік берген Индустрия министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл 19 жоба жалпы көрсеткіштің 3,5 пайызын құрайды екен. Дегенмен, бұған бола аттандаудың шамалы екенін де алға тартады. «Бұл қалыпты жағдай деп есептеледі. Қажетті шаралар қолданылды. Нарықтық жағдайдың тұрақсыз болуы салдарынан кейбір жобаларда кідіріс бар», – дейді министр Әсет Исекешев.

Тоқтала кететін жайт, экономиканың сапалы өсуінің маңызды факторларының бірі еңбек өнімділігі болып табылады. Министр келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2012 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 1,4 есеге өскен. Таратып айтқанда, химия өнекәсібінде жоғары көрсеткіштерге қол жетіп, бұл саладағы өсім 1,8 есеге артса, машина жасау, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіпте – 1,3 есе, өзге де металлургиялық минералдық өнім өндірісінде – 1,2 есеге өсім қамтамасыз етілген. 

Қазақстанда – шетелдік бренд  

2014 жылдан бастап аты әлемге мәшһүр автомобильдік брэнд Қазақстаннан шығатын болады. Қостанайда құрастырылатын көліктің аты әзірге белгісіз. Бүгінде осы істі жандандыру барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арнайы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. 

Елімізде кенжелеп қалған машина жасау саласына жан бітті деген сөз. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау отандық машина жасау саласы өнім шығару көлемі бойынша биылғы жылы 5 млрд. долларлық межені бағындыратындығын жария етті. Ал Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы, мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев: «Машина жасау саласы елімізде ең үдемелі дамушы сала болып табылады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде бұл сала өндірісі 2,5 еседен артық өсті!»,– дейді. 

Айта кету керек, былтыр 657 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, биылғы жылы машина жасау саласының өндіріс ауқымы 800 млрд. теңгеге жетеді деп болжануда. Ал, 2015 жылға қарай сарапшылар бұл көрсеткіш триллион теңгеден асып кетеді деп отыр. «Биыл Toyota компаниясымен келісімге қол қойылды. Оған сәйкес осы маркалы машиналар 2014 жылдың көктемінен бастап Қазақстанда құрастырыла бастайды. Осыдан кейін Рено, Ниссанмен меморандум бекітілді. Яғни, әлемдік автоөнеркәсіптің көшбасшылары Қазақстанда өз қорларын құруда. Осы жаһандық компанияларға қарап, өзіміздің басқа кәсіпорындар да бой түзеуде», – деп мәлім етті Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы.  

Қазір кейбір шетелдік компаниялардың елімізде көлік құрастыруға деген ынтасы жоғары. Олар біз арқылы Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығына шығуға ниетті. Жақында Италияның «Iveco» компаниясымен итальяндық жүк көліктерін құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Ертеңгі күні тағы да ұсыныстар туатыны түсінікті. Демек,    Қазақстанда шығарылатын көліктердің моделдері жыл өткен сайын көбейе береді. Еліміздегі бұл салада жұмыс жасайтын компаниялар саны артқан үстіне, арта түседі.  

Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау жаңа технологиялы өндіріс – «автоматтандырылған дәнекерлеу желісі» Оңтүстік Кореяда сынақтан өтіп, елімізге бет алғанын хабарлады. «Ендігі «Номад» деген жаңа брэндке ие болып, біздің маркаға айналған SsangYong көліктерінің ондаған шанақ-кузовтары Кореяда осы құрал-жабдықта тестілік режимде шығарылып, сынақтан өтті», – деді А.Рау. Осылайша, біз жыл соңына қарай қуаттылығы жылына 75 мың машинаны құрайтын желіге ие боламыз. Оның ішінде SsangYong еншісі 25 мың машинаны құрайды. Тағы бір айта кетерлік жайт, келесі жылы ол жерде атақты Toyota да өз көліктерін құрастыруға кіріспек. Яғни, жыл соңына дейін SsangYong, алдағы жылдың І тоқсанында Toyota өзінің дәнекерлеу желісін орнатады.  

Осы ретте министрлік Үкіметке қазақстандық өндірушілерді қолдап, отандық көлікті сатып алушылар шығынының бір бөлігін өтеуді ұсынды. «Бір ұсынысты қолдауды сұрар едік. Ресей кезекті рет өзінде құрастырылатын автокөліктерін сату бойынша тұтынушылық кредиттерді субсидиялауды тағы бастады. Бұл – өте жақсы құрал. Бірақ өкінішке қарай, бұл бірнеше жыл бойы біздің қолымыздан келмеуде. Мемлекеттік органдардан осы мәселені тағы да бір рет қарауды өтінеміз!», – деген Альберт Рау бұл тетіктің маңызды екенін баса айтқан болатын. Мұның 2020 жылға қарай Қазақстанда жылына 300 мың автокөлік шығару міндетіне ерекше серпін беретіні сөзсіз. 

Медициналық жабдық Шымкенттен шығады 


Елімізде жаңа индустрияландыру бағдарламасы қолға алынған өткен үш жарым жылдың ішінде 536 жоба іске қосылды. Соның ішінде 34 жоба 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында жүзеге асып отыр. Олардың қатарында Ақсу ГРЭС-нің № 6 блогы, Атырау қаласындағы Құбыр арматурасын шығару зауыты, Тараз қаласындағы қуаты 600 мың тонна Күкiрт қышқылы зауыты секілді нысандар бар. Жыл соңына дейін бағдарлама аясында қосымша 112 жобаны іске қосу жоспарланған. Атап айтқанда, Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа зауыты, Титан слябтарын өндіру зауыты, Қостанайдағы прокат зауыты және Астана қаласында аффинаж зауытын іске қосу көзделіп отыр.

Бағдарламаның шапағаты Шымкенттегі медициналық жиһаздар, жоғары технологиялық медициналық жабдықтар шығаратын өндіріс орнына да тиген. Бұл өндіріс еліміздің «Саламатты Қазақстан» Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Өндірісті салған – «Қазмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба бойынша жергілікті 240 адам жұмысқа қабылданды. Жаңа кәсіпорында шығарыла бас­та­ған өнімдер ерекше. Рентген, УЗИ ап­парат­тары, эндоскопиялық хирургия үшін аса қажетті видеокешен, операция жасай­тын үстелдер, операциялық жарық бергіш­тер, медициналық «консолдар», элек­тро­­кар­диографтар, пульсоксиметрлер, сырқат­тың мониторлары, зала­лсыздандыра­тын жуу аппараттары, биологиялық лами­нарлы бокстар, ауамен және бумен стери­ли­зациялағыштар, тағы басқа толып жатқан керек-жарақтар осы өндірісте шығарыла бастады. Жоғарыда аталған жабдықтардың барлығы Қазақстанда бірінші рет шы­ғарылып отыр және сапа­сы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. 

Медициналық жабдықтар рес­пуб­ли­камыздағы емдеу-профилактикалық  жә­не реабилитациялық мекемелерге, жедел-жәрдем ауруханаларына, гос­питальдарға, санаторийлерге, соның ішінде мүгедек­терге, қарттарға арналған емдеу орын­дарына, реанимобильдерде қол­дануға, тағы басқа мақсаттарға ар­налып өн­дірілуде. Кәсіпорын шығаратын өнімдердің маңыздылығын ескере отырып, «Қаз­медприбордың» бұл жобасын іске асыруға облыстық әкімдік жан-жақты қолдау көрсетті. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде кә­сіпкерлерге банктерден алған несиеле­рінің пайыздық үстемесін өтеп отырды. «Пайдалануға берілген бұл жобаның республиканың, аймақтың медицина саласын дамытуға ықпалы мол болайын деп тұр», – деді облыс әкімі Асқар Мыр­захметов.  

Шыны керек, бүгінде медицина мекемелерінде моральдық тұрғыда ескірген құрал-жабдық көп. Енді соларды ауыстыру мүмкіндігі жеңілдейді. Кәсіпорын мамандары медицина­лық техникаларға деген сұра­ныс пен қажеттілікті зерттеп, 6 млрд. теңгеге жабдықтар сатып алған. Соның 10 пайызы ғана елімізде өндірілген. Бұдан былай жағдайды түбегейлі өзгертуге болады. Шымкентте шығарыл­ған меди­циналық жабдықтардың құны, әрине, шетелдерден тасымалдаған­нан әлдеқайда арзан болады.  Кәсіпорын толық жобалық қуатына 2015 жылы жетеді деген жоспар бар. Сол кезде Шымкенттегі жаңа өндіріс жылына 60 мың дана медициналық жиһаздар мен құрал-жабдықтар шығаратын болады.

Алайда, ҮИИД бағдарламасы еліміздің бар өңірінде қарқынды жүріп жатыр деуге болмайды. Кей жерде Елбасының рұқсатымен іске қосылған нысандардың тамырына қан жүгірмей қаңтарылып тұрып қалғанын да жұрт біледі. Мәселен, Индустрияландыру картасына ілінген 19 жобада жұмыс жанданбай, мерзімінен бұрын тоқтатылғаны есте. Осыған түсінік берген Индустрия министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл 19 жоба жалпы көрсеткіштің 3,5 пайызын құрайды екен. Дегенмен, бұған бола аттандаудың шамалы екенін де алға тартады. «Бұл қалыпты жағдай деп есептеледі. Қажетті шаралар қолданылды. Нарықтық жағдайдың тұрақсыз болуы салдарынан кейбір жобаларда кідіріс бар», – дейді министр Әсет Исекешев.

Тоқтала кететін жайт, эко­но­ми­каның сапалы өсуінің маңызды фак­тор­ларының бірі еңбек өнімділігі болып табылады. Министр келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2012 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өнімділік 1,4 есеге өскен. Таратып айтқанда, химия өнеркәсібінде жоғары көрсеткіштерге қол жетіп, бұл саладағы өсім 1,8 есеге артса, машина жасау, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіпте – 1,3 есе, өзге де металлургиялық минералдық өнім өндірісінде – 1,2 есеге өсім қамтамасыз етілген. 

Қазақстанда – шетелдік бренд 


2014 жылдан бастап, аты әлемге мәшһүр автомобильдік брэнд Қазақ­станнан шығатын болады. Қостанайда құрастырылатын көліктің аты әзірге белгісіз. Бүгінде осы істі жандандыру барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арнайы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. 

Елімізде кенжелеп қалған машина жасау саласына жан бітті деген сөз. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау отандық машина жасау саласы өнім шығару көлемі бойынша биылғы жылы 5 млрд. долларлық межені бағындыратындығын жария етті. Ал Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы, мәжіліс депутаты Мейрам Пішембаев: «Машина жасау саласы елімізде ең үдемелі дамушы сала болып табылады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде бұл сала өндірісі 2,5 еседен артық өсті!»,– дейді. 

Айта кету керек, былтыр 657 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, биылғы жылы машина жасау саласының өндіріс ауқымы 800 млрд. теңгеге жетеді деп болжануда. Ал, 2015 жылға қарай сарапшылар бұл көрсеткіш триллион теңгеден асып кетеді деп отыр. «Биыл Toyota компаниясымен келісімге қол қойылды. Оған сәйкес осы маркалы машиналар 2014 жылдың көктемінен бастап Қазақстанда құрастырыла бастайды. Осыдан кейін Рено, Ниссанмен меморандум бекітілді. Яғни, әлемдік автоөнеркәсіптің көшбасшылары Қазақстанда өз қорларын құруда. Осы жаһандық компанияларға қарап, өзіміздің басқа кәсіпорындар да бой түзеуде», – деп мәлім етті Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы. 

Қазір кейбір шетелдік ком­па­ниялардың елімізде көлік құрастыруға деген ынтасы жоғары. Олар біз арқылы Кеден одағына мүше мемлекеттердің на­рығына шығуға ниетті. Жақында Италияның «Iveco» компаниясымен итальяндық жүк көліктерін құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Ертеңгі күні тағы да ұсыныстар туа­тыны түсінікті. Демек, Қазақстанда шығарылатын көліктердің модельдері жыл өткен сайын көбейе береді. Еліміздегі бұл салада жұмыс жасайтын компаниялар саны артқан үстіне, арта түседі. 

Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау жаңа технологиялы өндіріс – «автоматтандырылған дәнекерлеу желісі» Оңтүстік Кореяда сынақтан өтіп, елімізге бет алғанын хабарлады. «Ендігі «Номад» деген жаңа брэндке ие болып, біздің маркаға айналған SsangYong көліктерінің ондаған шанақ-кузовтары Кореяда осы құрал-жабдықта тестілік режимде шығарылып, сынақтан өтті», – деді А.Рау. Осылайша, біз жыл соңына қарай қуаттылығы жылына 75 мың машинаны құрайтын желіге ие боламыз. Оның ішінде SsangYong еншісі 25 мың машинаны құрайды. Тағы бір айта кетерлік жайт, келесі жылы ол жерде атақты Toyota да өз көліктерін құрастыруға кіріспек. Яғни, жыл соңына дейін SsangYong, алдағы жылдың І тоқсанында Toyota өзінің дәнекерлеу желісін орнатады. 

Осы ретте министрлік Үкіметке қазақстандық өндірушілерді қолдап, отандық көлікті сатып алушылар шығынының бір бөлігін өтеуді ұсынды. «Бір ұсынысты қолдауды сұрар едік. Ресей кезекті рет өзінде құрастырылатын автокөліктерін сату бойынша тұтынушылық кредиттерді субсидиялауды тағы бастады. Бұл – өте жақсы құрал. Бірақ өкінішке қарай, бұл бірнеше жыл бойы біздің қолымыздан келмеуде. Мемлекеттік органдардан осы мәселені тағы да бір рет қарауды өтінеміз!», – деген Альберт Рау бұл тетіктің маңызды екенін баса айтқан болатын. Мұның 2020 жылға қарай Қазақстанда жылына 300 мың автокөлік шығару міндетіне ерекше серпін беретіні сөзсіз. 

Динара Мыңжасарқызы

Серіктес жаңалықтары