«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ

«ТАУГҮЛ-3» МЕШІТІ  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
ашық дереккөзі
213

 Атап айтқанда, Алматы қаласы қарттар үйі қарияларынан 9 адам, зағиптар қорынан 9 адамды курортқа апарып, 10 күндік демалыс пен ем қабылдатты. Қырғызстанның Иссык ата елді мекенінде орналасқан «Иссык ата» курортында болған қарттарымыз, ол жерде ыстық балшық, ыстық ванна, парафин, массаж, физиоем қабылдады. Қарттарға 10 күн бойы «Таугүл-3» мешітінің іс басқарушысы Молдабаев Ғалымжан жетекшілік жасап, басы-қасында болды. Демалыстан оралғаннан соң қарттар үйінен Қартанбаев Жайсаңбай ақсақал бастаған бір топ қария жұма күні  мешітке келіп, «Таугүл-3» мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасарға және  жалпы жамағатымызға бұл демалысты ұйымдастырғаны үшін өз ризалықтарын білдіріп, алғысын айтып, баталарын берді.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары