ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ

ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ

ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ
ашық дереккөзі
185

Үстіміздегі жылдың 3-4 қазан күндері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен шетелде тұратын отандастарымыздың халықаралық өнер фестивалі өткізілмек.

Аталған шараның алдында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі М.Құлмұхамед баспасөз мәслихатын өткізіп, екі күнге созылатын мерекелік шараның басты мақсаты мен міндеті туралы ой бөліспек. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.А. Мамашев Жер шарының түкпір-түкпіріндегі қазақ қандастарымыздың бүгінгі ахуалы, олармен байланыс және бүгінгі күннің өзекті мәселесі жайлы әңгімелейді.

Сонымен қатар фестиваль шеңберінде ұйымдастырылатын жыршы-термешілер байқауы, айтыскер ақындар мен суретшілер сайысында бақ сынасқан дүлдүл­дердің еңбегін саралайтын қазы­лар алқасы түзілген. Ұйымд­ас­тырушылардың айтуынша, қазақы құндылықтарды ұлықтайтын шараға қатысуға жүздеген адам қызығушылық танытып отырған көрінеді.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары