БАСЫЛЫМДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ СӨЗ БОЛМАҚ

БАСЫЛЫМДАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ СӨЗ БОЛМАҚ

БАСЫЛЫМДАРДЫҢ  БОЛАШАҒЫ  СӨЗ БОЛМАҚ
ашық дереккөзі
135

Бүгін Алматыда «Жаңа медиа: баспа БАҚ-тың болашағы» тақырыбында конференция өтпек. Шараны Мәдениет және ақпарат Министрлігінің қолдауымен «Казконтент» АҚ ұйымдастырып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін 130-дан астам жас журналистер мен блогерлер конвергенті (мультимедиалық) журналистиканың ерекшеліктері мен даму перспективасын, сонымен қатар заманауи медиа нарығындағы БАҚ барлық сегментінде жұмыс істей алатын әмбебап журналистерді дайындаудың әдістемесі талқыланады.

Медиалық конференция ең алдымен қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы жас журналистер мен редакторларға еңбекті ұйымдастыру қағидалары мен дәстүрлі редакцияларды реформалау сценарийін жете түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған. Медиасарапшылар өз кейстерінде конвергенция қағидасына өту кезінде медиакомпаниялардың әртүрлі бөлімдерінің қызметін жоспарлауды ұсынып, өздерінің медиа өнімдерін ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде онлайн-журналистиканың құралдарын қолдану мен тиімді пайдалану тәжірибесімен бөліседі.

Аталмыш конференция интернет-ресурсті құру, сондай-ақ, контентті басқару жүйесіндегі әкімшілік әдісін оқыту және әлеуметтік медиада ілгерілетуді үйретуге мүмкіндік беретін басылымдық БАҚ Интернетке өтуі Жобасы шегінде өткізіліп отыр.

«Казконтент» АҚ – Интернет желісінің (Қазнет) қазақстандық сегментінде даму және ақпараттық кеңістік құру Концепциясын іске асыру мақсатында 2008 жылы құрылған мемлекеттік компания.

Компанияның басты мақсаты – Қазақстанда дамыған ұлттық сегментінің жаһандық ақпараттық Интернет желісін құру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру, осы салада белсенділікті инвестициялық және инновациялық ынталандыру.

Нұрахмет ҚУАТ

Серіктес жаңалықтары