ОН БІР ТҮРІК – БУНДЕСТАГҚА ДЕПУТАТ

ОН БІР ТҮРІК – БУНДЕСТАГҚА ДЕПУТАТ

ОН БІР ТҮРІК – БУНДЕСТАГҚА ДЕПУТАТ
ашық дереккөзі
284

Мәселен, Христиандық-демократиялық
партиядан – Жәмила Юсуф, Социал-демократиялық партиядан – Айдан Өзоғыз, Метин
Хакверди, Махмут Өздемир, Гүлстан Юксель, Жансел Қызылтепе, Жасылдар
партиясынан – Өзжан Мұтлы, Джем Өздемир, Экин Делигөз, Солшылдар партиясынан –
Севим Дағделен. 

Бір кездері немістер жеріне нәпақа табуға келіп, осында тұрақтап қалған, бүгінде
Германия азаматтығын алған түрік бауырлардың саны артқанына біз де қуандық. Осы
мәселеге орай пікір білдірсе деген ниетпен Стамбұлда тұратын Ходжатеппе
университеті ректорының Халықаралық байланыстар жөніндегі кеңесшісі, профессор, саясаттану ғылымдарының докторы МҰРАТ ЕРДОҒАН
мырзаға хабарласқан едік.
Оның айтуынша, Бундестагтағы түрік депутаттардың саны уақыт өткен сайын көбейе
бермек: «Қазіргі кезде Германиядағы дауыс беруге құқылы 750 мыңнан астам түрік ұлтының
өкілі Германиядағы барлық саяси партияға мүшелікте. Бұл олардың саясатқа
белсене араласуына мүмкіндік береді. Әрі парламенттік сайлауда мерейі үстем болған
түрік қандастар түркі әлеміне қатысты мәселелерге баса назар аударатыны
белгілі», – дейді. Өкінішке қарай, бүгінде еуропалықтар арасында исламофобия
дерті қатты өршіген. Бұл келеңсіздік Германияға да тән.

67ad3af66813b8ae80905063aef743a1.jpg

Мәселен, жуырда ғана
ондағы мұсылмандар қауымы германиялық мешіттерге жасалатын шабуалдардың жиілеп
кеткеніне алаңдап, наразылық шараларын өткізді. Мұрат Ердоған мырза да Бундестагқа
сайланған түрік депутаттары ең алдымен осы исламға қатысты қиындықтарды шешуге
талпынатынын айтады: «Сонымен қатар әлемдік саясатта армяндар мәселесі де сөз
болады жақында. Германиялық түрік депутаттар осы кезде белсенділік танытады деп
ойлаймын. Бұл да түркі әлеміне жасалатын көмек болмақ.

62070c21b107da1d65e76a9c9e07cf61.jpg

Оқырмандардың естерінде болса, 2013 жылдың 22 қыркүйегінде өткен немістер
жерінде өткен парламенттік сайлауда қазіргі канцлер Ангела Меркель бастаған
христиандық демократтар 41,5 пайызбен жеңіске жетті. Бұл жетістікке Христиандық-демократиялық
одақ – ФРГ канцлері Ангела Меркельдің партиясы енді баварлық серіктесі –
Христиандық-социал одақпен бірге жетті. 2005, 2009 және 2013 жылдары үш рет
парламенттік сайлауда мерейі үстем болған Меркель билік басында қалғанмен, үкіметтің
құрамы өзгермек. 


Нәзия Жоямергенқызы

Серіктес жаңалықтары