ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БАЙҚАУ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА БАЙҚАУ

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ  АРНАЛҒАН ЖАҢА БАЙҚАУ
ашық дереккөзі
194

Байқау мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарындағы инновациялық дамуды кеңінен насихаттау және берілетін ақпараттардың сапасын арттыру.

Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлері: басылымдар мен электрондық бұқаралық ақпарат құралдары, телеарналар мен радио өкілдері қатыса алады.   Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға қабылданатын барлық материалдар еліміздегі ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуы мен даму болашағы жайлы ақпаратқа құралуы тиіс. 

2013 жылғы 3 қаңтар мен 20 қыркүйек аралығында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бейнематериалдар, теле және радио бағдарламалар, мақалалар, ғаламтор жазбалары мен басқа да материалдар қабылданады. 

Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры  2,6 млн. теңге. Сонымен қатар, әр номинация бойынша қазақ және орыс тілді материалдардың авторлары ретінде екі жеңімпаздан анықталмақ. 

 «Үздік телевизиялық бейнематериал/Бағдарлама», «Үздік басылым мақаласы», «Үздік радиобағдарлама/Радиорепортаж», «Үздік ғаламтор материалы/Фоторепортаж» номинациялары іріктеледі. Сондай-ақ, биыл жаңадан «Инновациялық тақырыптағы үздік блогер» аталымы қосылып отыр. 

Өтініштер (байқауға қатысатын материалдармен қоса) «Өрлеу ақпараты байқауына» деген белгімен orley13@yandex.ru электрондық пошталары арқылы қабылданады. 

Анықтамалық телефондар:+7 /707/  454 63 66, 8 /775/ 560 06 16.

Байқау туралы толығырақ ақпаратты және өтінім формасын Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің сайтынан (www.natd.gov.kz) ала аласыздар. 

Байланыс: 

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ баспасөз қызметі: 

тел/факс: +7 (7172) 571014 (+вн. 248,245), 87474546366

Email: orley13@yandex.ru

www.natd.gov.kz.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары